Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Джордж Карлиннің өмірі

Джордж Карлиннің өмірі

Джордж Карлиннің өмірі

Сіздердің назарларыңызға әлемнің ең атақты сатиригі, әзілкеші, 70-80 жылдардың талантты өкілдерінің бірі Джорж Карлиннің жүрекжарды сөздері ұсынылады. Айта кетерлігі, жан-жүрегін тербетіп шыққан өнер адамының осы бір сөздері әйелі қайтыс болғанда қағазға түскен екен:

Көп жаратамыз, бірақ, азға иелік етеміз... Көп сатып аламыз, бірақ, аз қуанамыз... Керемет жағдайлар, бірақ, аз уақытқа... Үлкен мамандықтың иесіміз, бірақ, тайыз зердемен... Үлкен біліміміз бар, бірақ, кей сәттерге баға бере алмаймыз... Өз ісінің мамандары көп, бірақ, көптеген проболемамен... Керемет медицинамыз бар, бірақ, асқынған денсаулықпен...

Көп ішеміз, шегеміз, жаратамыз, тым аз күлеміз, жүреміз, тез ашуланамыз, ұйқыға кеш барып жатамыз, ұйқыдан шаршап тұрамыз, тым аз оқимыз, теледидарды тым көп көреміз және сирек сыйынамыз. Ұмтылатын дүниелер көбейді, бірақ, бағасын төмендетіп алдық... 

Көп сөйлейміз, тым аз сүйеміз және тым көп жек көреміз. Тірі жүрудің қамын жасауды білеміз, бірақ, өмір сүруді білмейміз.

Жылдарды адам өміріне қосып жатырмыз, бірақ, адам өмірін жылдарға қоса алмаймыз. 

Айға дейін жеттік, бірақ, көшелерді қиып өту мен жаңа көршілермен танысуымыз қиындау болып тұр. 

Ғарыштық кеңістікті бағындырып жатырмыз, бірақ, жанымызды...

Түбіне дейін барамыз, бірақ, жақсы істердің емес...

Ауаны тазартамыз, бірақ, жүректі кірлетеміз.

Атомдарды бағындырдық, бірақ, санамызды...

Көп жазамыз, бірақ, аз білеміз.

Жоспар көп, бірақ, азына жетеміз.

Асығып үйрендік, бірақ, күтуді...

Ақпараттарды сақтайтын, көшірмесі жоқ жаңа компьютерлерді жасап жатырмыз, бірақ, аз сөйлесеміз. 

Қазір тез қоректену мен дұрыс тамақтанбаудың, үлкен адамдар мен кішкентай жандардың, ғайыптан келген қаражат пен қиын қарым-қатынастың уақыты.

Қазір отбасылық қазынаның көбеюі мен ажырасу көрсеткішінің өскен, әдемі үйлер мен отбасылық ошақтардың қирау уақыты.


Қазір айырысулар мен бір түндік қарым-қатынастардың, артық салмақ пен дәрі-дәрмектің уақыты: қоздырады, тынышталдырады, өлтіреді. 

Қазір жел толған кеңістік пен бос қамбалардың уақыты. 

Қазір сіздің сөзіңізді жеткізетін технологияның заманы, сөзіңізді өшіре салатын тетіктердің уақыты. 

Естеріңізде болсын, сүйетін адамдарыңызға көп уақыт бөліңіз, себебі, ешкім де бізбен мәңгілік емес. 

Естеріңізде болсын, жақын адамыңызды қатты құшақтап алыңыз, себебі, жалғыз шынайы қазына осы. 

Естеріңізде болсын, сүйікті адамыңызға "сені сүйемін!" деп айтыңыз, бірақ, одан бұрын сезімнің шынайы екеніне мән беріңіз. Құшақтау мен сүйісу кез келген ыңғайсыздықты жоқ қылып жібере алады, егер жүректен...

Естеріңізде болсын, әр сәттін бағасын біліңіз, себебі, бір күні әлгі адам қасынан табылмайды.

Сүюге, сөйлесуге, емен-жарқын әңгімелесуге уақыт табыңыз. Себебі, өмір тыныс алуыңызбен өлшенбейді, жаныңызды тербеткен сәттермен ғана... 

Суреттер: terletsky.com.ua

Дайындаған: Фараби Бақыт

977 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 17 шілде 2012, 18:52
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...