Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Америкалық мүгедек Оңтүстік полюсты бағындырды

Америкалық мүгедек Оңтүстік полюсты бағындырды

Америкалық мүгедек Оңтүстік полюсты бағындырды

33 жастағы саяхатшы - Оңтүстік полюске қадам басқан алғашқы мүгедек. Бұл туралы Associated Press Халықаралық агенттігі хабарлады. 2010 жылғы көлік апатынан Грант Корган мүгедектік арбаға таңылған еді.

 Бірақ өр рухты жігітті 120 шақырымдық ауыр жол тоқтата алмады. Бір қызығы – антарктикалық «Терра Нова» экспедициясы бұдан тура 100 жыл бұрын Оңтүсті Полюсті бағындырған болатын. «Менің тәнім жарақаттанса да, жаным аман» дейді Грант. Оның жолсерігі қатарына паралимпиада жүлдегері Джон Дэвис пен кинооператорлардан тұратын көмекші топ кірді. Негізгі қозғалыс көлігі - отырып сырғанайтын шаңғы болған екен. Грант Корган туралы деректі фильмнің режиссері таңғалғанын, бұл оқиға енді тарих бетінде таңбаланатынын айтып өтті. Р.Корганның мақсаты жұлын зақымын алған адамдарға көмектесетін қайырымдық қорына табыс әкелу еді.

 Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын 41 жастағы АҚШ азаматы Крис Вэйделл мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында алғаш рет Килиманджаро тауын бағындырған еді. Африка құрлығында орналасқан Килиманджаро тауының биіктігі – 5895 метр! Ол ешкімнің көмегінсіз, тек өз қолының күшіне сеніп, арманына жетті. Бұл әрекетімен Крис Вэйделл қайтпас қайсарлығы мен үзілмес үмітінің арқасында, жер бетіндегі барлық адамға үлгі боларлықтай іс жасаған болатын.

Өмірге деген құштарлық қатардағы сіз бен біздің ғана емес, тағдырдың талқысына түскен жігерлі адамдардың бойынан табылатын қасиет екенін ұққандаймыз. Ал сіз... қандай жетістікке жеттіңіз? 

Сурет: tamognia.ru

2269 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 06 сәуір 2012, 10:40
Пікірлер
+0
06 сәуір 2012, 10:45

мәселе он екі мүшенің саулығында емес, ішкі рухта болса керек...

+0
06 сәуір 2012, 10:46

Жігерң мықты адамдардың жетістігі де ерекше болады екен....

+0
06 сәуір 2012, 12:26

Сурет керемет екен. Маған ұнады.

+0
06 сәуір 2012, 16:20

Осындайды оқып, соңғы сұраққа жауап бере алмай қалдым...

+0
11 сәуір 2012, 00:27

Өзіне ғана емес, бүкіл әлемге өзін мойындата білген нағыз азамат екен! Осыны оқыған адамның өз өмірі мен жетістігі туралы ойлап қалары сөзсіз :?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...