- Негізгі бет
- Нақты ғылымдар
- Физика саласы бойынша...
Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
Рейнхард Генцель, Роджер Пенроуз және Андреа Гезге физика саласындағы Нобель сыйлығы берілді. Бұл туралы 6 қазан күні Швеция Корольдігі ғылым академиясының комитеті хабарлады.
Сыйлықтың жартысы Роджер Пенроузға (Оксфорд университеті, Ұлыбритания) "қара құрдымның пайда болуы жалпы салыстырмалылықтың сенімді болжамы екенін анықтағаны үшін" берілді.
Сыйлықтың екінші жартысын Рейнхард Хансель (Макс Планк астрофизика институты, Германия, Гарчинг және Калифорния, Беркли, АҚШ) мен Андреа Гезге (Калифорния университеті, Лос-Анджелес, АҚШ) "біздің галактиканың орталығында супермассивті ықшам объектіні анықтағаны үшін" берілді.
Медицина бойынша Нобель сыйлығы иегерлері анықталды
Аталмыш үш ғалым биыл Нобель сыйлығын ғаламдағы ең экзотикалық құбылыстардың бірі қара құрдымға байланысты жаңалықтары үшін алды. Пенроуз жалпы салыстырмалылық қара құрдымның пайда болуына ықпал етенін дәлелдеді.
Ал, Хансель мен Гез болса көзге көрінбейтін және өте ауыр зат біздің галактика орталығындағы жұлдыздар орбитасын басқаратынын анықтады. Оны екі ғалым супермассивті қара құрдым деп атады.
Физиология немесе медицина бойынша 2020 жылғы Нобель сыйлығы АҚШ ғалымдары Харви Олтер мен Чарльз Райс және британ ғалымы Майкл Хоутонға С вирусын көмектескен іргелі жаңалықтары үшін берілді.