Ұлы химик Менделеев туралы қызықты деректер

Дмитрий Менделеев – тек Ресейдің ғана емес, бүкіл әлемнің даму бағытына зор ықпал еткен ғалым.  Бүгін оның дүниеге келгеніне 186 жыл болыпты. Осы орайда ғалым өміріне қатысты қызықты деректер легін ұсынамыз.

►   16 аға-әпкесі болған. Дмитрий – отбасыдағы 17-ші бала.

►   Педагогика университетінде нашар оқығаны үшін екінші жылға қалдырылған.

►   Жас кезінде Гогольмен кездескен.

►   Ол екі рет үйленген. 6 баласы бар.

►   Менделеев кестесін түсінде көрді деген жалған ақпар.

►   Классикалық музыка, соның ішінде, Бетховен шығармашылығын ұнатқан.

►   Бірнеше рет Нобель марапатына ұсынылып, бір де бір рет алмаған.

►   Оның ғылыми жұмыстарының 10 пайызы ғана химия ғылымына арналған.

►   Менделеевтің қызы атақты орыс ақыны Блоктың әйелі болған.

►   Өмірінің соңына дейін қоғамдық моншаға барған.