Математиктерге берілетін "Нобель" баламасына алғаш рет әйел лайық деп танылды

Математиктерге берілетін "Нобель" баламасына алғаш рет әйел лайық деп танылды
Фото: 65ymas.com/

Биыл Норвегия ғылым академиясы математиктерге берілетін атақтар ішінде "Нобель сыйлығына" татитын "Абель" марапатын америкалық Карен Уленбек есімді ғалымға тапсырды. Бұл сыйлық алғаш рет әйелге берілді.

Математик аталған сыйлыққа "геометриялық талдау және өріс теориясы бойынша жұмысы үшін" лайық деп табылған. Карен Уленбек 1942 жылы туған. Остин қаласындағы Техас университетінің профессоры.

"Абель" сыйлығы 2003 жылдан бері математика ғылымына еңбегі сіңген ғалымдарға беріліп келеді. Сыйлықпен бірге лауреат 6 миллион Норвегия кронына (700 мың доллар) ие болады.

Т. Раушанұлы