“2017 жылдың үздік инженерлері” анықталды

“2017 жылдың үздік инженерлері” анықталды

10 қараша күні Алматы қаласында жетекші ғалымдар мен инженерлер, белгілі өндіріс мамандары, ірі компаниялар мен ұйымдар басшылары, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу институттарын бір шаңырақ астында тоғыстырған елдің беделді әрі ықпалды қоғамдық бірлестігі саналатын Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жалпы жиналысының сессиясы өтті.

Жалпы жиналыс сессиясының жұмысы Қазақстанның көрнекті инженерлері арасында өткізілетін республикалық «Үздік инженер-2017» конкурсының марапаттау рәсімімен аяқталды. Қорытынды бойынша, «Қазақстанның құрметті инженері» атағына Иссигарин Н.К. мен Есенова М. ие болды.

«Үздік инженер-2017» дипломдары және медальдарымен төмендегі азаматтар марапатталды:

Алтай Аймұхаметұлы Әбдірахманов («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ атқарушы директоры, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ)

А.А. Абдрахмановты дипломмен және медальмен құттықтап, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының байқау комиссияның төрағасы, академик, Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы марапаттады.

Алтай Әбдірахманов  — 40 жылдық еңбек жолында Жамбыл электр тарату желісінің электромонтері лауазымынан ірі энергетикалық компания жетекшісіне дейін көтерілген айтулы тұлға. Ол Ресей және Орта Азия елдерімен электр энергиясының мемлекетаралық ағындарын реттеу бойынша жұмысқа үлкен үлес қосты. Осы күрделі және еңбекті көп қажет ететін жұмыстың нәтижесінде Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік тудыратын жиілік пен қуатты реттеу жөніндегі Мемлекетаралық келісімін қабылдады. 

Арман Жақсылықұлы Бекембаев («Ғалам» ЖШС ғарыштық технологиялардың арнайы технологиялық бюросы (КТТБ КТ) басшысының орынбасары)

А.Ж. Бекембаевты дипломмен және медальмен құттықтап, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, ғылым, техника және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы марапаттады. 

Қазіргі уақытта Арман Бекембаев британиялық Surrey Satellite Technology Limited компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылатын ғарыш аппараттарын дамыту шарасына қатысады. Ғарыш аппаратын ұшыру 2018 жылдың сәуіріне жоспарланған. Қазақ ғалымы KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ғарыш аппараттарының іске қосылғаннан кейінгі жағдайын талдауға айтарлықтай үлес қосты.

Закиржан Пермухамедович Кузиев (Директорлар кеңесінің төрағасы, «Юниверсал» компаниялар тобы)

З.П. Кузиевты дипломмен және медальмен құттықтап, «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы марапаттады.

Закиржан Кузиев   —  25-тен астам өнертабыс патентінің иесі, Қазақстан Республикасының темір жол пойыздарына арналған құрылыс монтаждау және тығыздау құрылғыларын (ЗПУ) даярлаушы. Ол құрылғыларды қорғау және сәйкестендіру саласында тиімді және сенімді еңбек етіп келе жатқан өндіруші болып табылады.

Оның зерттеуінің барлық нәтижелері шетелдік жетекші сарапшылар тарапынан қорғалған және бекітілген.

Айдын Сырымұлы Қожаш ( «Қаражанбасмұнай» АҚ бұрғылау геологы)

А.С. Қожашты дипломмен және медальмен құттықтап, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, ҚазССР ғылымның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО-ның Құрметті мұнайшысы, КСРО-ның өнертапқышы, академик Нәдіров Нәдір Кәрімұлы марапаттады.

Жас ғалым Кожаш Айдынның мүдделері Қазақстан территориясындағы ең ірі үстіртін жатқан Қаражанбас кен орнындағы сорғылар мен ұңғыма ішілік жабдықтардың жұмыстарына теріс ықпал ететін механикалық қоспалардан өндірілетін мұнайды тазарту саласымен байланысты. Жерасты сүзгі жобасымен ғалым Қазақстандық – Британдық техникалық университетінің студенті бола отырып, жұмыс істей бастады. Өз жобасын Айдын И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай университетінде қорғады.

Леонид Харлампович Франгулиди («Казфосфат» ЖШС ЖФ (ЖЖФЗ) Директоры)

Л.Х. Франгулидиге дипломды және медальды құттықтап, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының Бас директоры, академик Төлешов Амандық Қуатұлы табыс етті.

Леонид Франгулиди – жаңа энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды, қазіргі заманғы техниканы енгізудің сенімді жақтаушысы. Оның тікелей басшылығымен және белсенді қатысуымен зауытында бірқатар маңызды инновациялық жобалар енгізілген, бұл өндірістің тұрақты өсуіне ықпал етті.

Сергей Тұрсынұлы Асаинов («ГеоМарк» Ғылыми-инженерлік орталығы» ЖШС Бас инженері)

С.Т. Асаиновты дипломмен және медальмен құттықтап, техника ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, академик Қожахметов Сұлтанбек Мырзахметұлы марапаттады. 

Өзінің еңбек жолын Қарағанды бассейнінің шахталарында тау-кен жұмысшысынан бастап учаске бастығына дейін өтті. Тау-кен инженерінің үлкен практикалық тәжірибесі қауіпті өндірістік объектілердегі технологиялық процестердің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік берді. 

Жұмахан Үшкемпірұлы Мырхалықов (М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті ректоры)

Ж.У. Мырхалықовқа диплом мен медальды Қазақстан ЖОО Ассоциациясының Президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, Ислам елдерінің инженерлік институттары Федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, академик, «Тұран» Университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы табыстады.

Жұмахан Мырхалыковтың негізгі ғылыми бағыты - жобалау, өндіру және пайдалану сатыларында технологиялық машиналарда, құралдарда және аппараттарда динамикалық процестерді зерттеу, олардың конструкциялық беріктігінің, төзімділігінің және сенімділігінің есептік және эксперименттік бағалау әдістерін жасау. Ғалым - 400-ден астам ғылыми жарияланымдардың, 57 патенттердің, сондай-ақ өнертабыс куәліктерінің авторы.

А. Оралқызы