Барлығы нөл жайында

Барлығы нөл жайында
Фото: http://gpko-avangard.ru

Нөл жай сан ғана емес, ол – бос кеңістік. Бұл сан – математиктер, физиктер мен астрономдарды қызықтыра білген жұмбақ құбылыстың бірі. Нөл санын «белгісіздік» деп қабылдағанымызбен, адам өмірінде нөлдің қатысынсыз ешнәрсе жүзеге аспайды. Сондықтан нөл қарапайым адамдар үшін де жұмбақ болып қалмақ.

Нөл – өмірдің бастамасы

Адам туғаннан соң оның жасы бірде деп ешқашан айтпайды. Яғни, нөлдік белгіден басталады. Жасы бірге толған туған күнің бала өмірге келіп, бір жыл әлемді көзімен көргеннен соң айтамыз. Сонда оған дейін оның жасы нөлде болған ба? Жоқ, адамзат тағы да «нөлдің» көңілін қалдырып, екі апталық, алты айлық секілді өлшем бірліктерді жасап алды.

Нөлмен бірге реттік санау жүйесі қалыптасты

Нөлмен бірге санау жүйесі тұрақты түрде қалыптасты. Нөлді қолдану арқылы сандар жүйесін жасақтауда өзгеше белгілерді еңгізу қажеттілігі өз күшін жойды. Енді ешкім 15, 150,105 және 1500 деген сандарды шатастырмайды.

Нөлдің қандай қасиеттері бар?

Нөл – сан, демек белгілі бір қасиеттерге ие. Мысалы қандай да бір санға нөлді қоссаңыз, ол өзгермейді. Азайтсаңыз да сол нәтижемен қалады. Бірақ, көбейтеңіз, нөл шығады. Санды нөлге бөле алмаймыз.

Нөл – жолдың басы

Ұзақ сапарға шыққан сәтте, жолдың шетіне орналасқан километр мөлшерін көрсететін бағандарды байқайтын боларсыз. Бұл сіз шыққан аймақтан бастап, дәл сол орынға дейінгі арақашықтықтың өлшемі. Демек сіз атттанған мекен – нөлдік көрсеткішке ие. Тіпті кейбір қалаларда «Жолдың басы. Нөл километр» деген көрсеткіш те бар.

Нөл — уақыттың алғашқысы

Жылдар мен уақыт өзгерісін назардан тыс қалдырмай санап отыру керек. Әйтпесе адамдар алдымен не болғанын ұқпас еді. Тарих деген ұғым да қалыптаспайтын еді.

Бірақ уақыттың өзі қайдан бастау алады? Егер бүкіл әлемнің жаратылған уақыты болса, ғалымдар ол туралы әлі күнге дейін нақты шешім айтқан емес.

Жаңа жылды біз қалай өмірге әкелдік? Жылдық санау 2017 жыл бойына ғана жүзеге асып келе жатқаны ма? Нөл – тығырықтан шығарар жалғыз жол. Жаңа дәуірге аяқ басқан шақта да, сандық жүйе нөлден басталмақ. Мейлі, оған дейін мыңдаған жылдар бола берсін....

Әрбір адамның нөлмен қарым-қатынасы әр түрлі. Ешкім нөл кіріске, нөл білімге, нөл бақытқа ие болғысы келмейді. Нөл болмаса, бірге аяқ басу да қиын.

Нөл деген «еш» деген ұғымнан гөрі, жұмбақ деген түсініктің синонимі істпеттес.

Ал, сіз үшін нөл деген нені білдіреді?

Т. Есқали