Air Astana жолаушылардың ұшар алдында салмағын өлшеуді ұсынды

"Эйр Астана" 2021 жылдың 9-31 тамыз аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан әуе компаниясының жолаушыларына ерікті салмақ өлшеу ұсынылатынын хабарлайды.

"Жолаушыларды ұшу алдындағы өлшеу әуе кемесінің балансын орнату үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл процедураны ассоциацияға мүше авиакомпаниялар әр бес жыл сайын жасайды", - делінген авиакомпания хабарламасында.

Таразыда өлшеу жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерге ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Процедура құпия ақпаратты жинауды қарастырмайды. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ұтысты лотереяның қатысушылары болады.

"Эйр Астана" авиакомпаниясының билеттерінің бағасына салмақ өлшеу процедурасы әсер етпейтініне және тек ұшу қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ғана жүзеге асырылатынын ескертеді.