Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаевтың  үйінің ауласында салтанатты шара  ұйымдастырылады

Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаевтың  үйінің ауласында салтанатты шара  ұйымдастырылады

2021 жылдың 8 мамырында  әйгілі Панфилов дивизиясының "соңғы жауынгерлерінің бірі", Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаевтың  үйінің ауласында салтанатты шара  ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы  қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешевтің басшылығымен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ардагерді келе жатқан Жеңіс мерекесімен құттықтайды. Сондай-ақ, осы құттықтауға өңірлік қолбасшылық  Ардагерлер кеңесінің  өкілдері, генерал Панфиловтың жиен немересі Алуа Байқадамова және "Нұр Отан"  партиясының өкілі Әліби Несіпбаев та  қосылады,  ал Ұлттық  ұланның 5571 әскери бөлімінің оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындайды.
     
Қайырлы Уатайұлы 1921 жылы 10 қыркүйекте (биыл 100 жасқа толады)  Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы ШҚО Құлжа орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1941 жылы қазан айында Панфилов дивизиясының 23-ші гвардиялық полкіне Қызыл Әскер жауынгері болып алынды.  
Ардагер соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында пулеметші болған,   Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада болған, Белоруссия, Польша, Эстонияны азат етуге қатысқан.    1943 жылы ақпанда Ржевтегі қанды майданда ауыр жараланған, жеңісті Дрезденде қарсы алды.  
Соғыстан кейін Самар аудандық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Әрі қарай аудандық тұтынушылар одағының жүйесінде басшылық лауазымдарында болған.   1970 - 1983 ж.ж. Алматыдағы общепит жүйесінде шаруашылық есептерінің директоры болды. 1983 жылы құрмет демалысына шықты, бес бала тәрбиелеп өсірді.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», және ІІ дәрежелі «Отан соғысының» орденімен, «Ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарымен және басқа да көптеген медальдармен марапатталған.

Т. Раушанұлы