Барлық ЖОО түлектерінің назарына

Барлық ЖОО түлектерінің назарына
Фото: vshssn.msu.ru

Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылдың 15 шілде күні сағат 15:00-де барлық мемлекеттік кіріс органында жоғары оқу орнын өте жасқы тәмәмдаған түлектерге "Ашық есік күнін" өткізеді.

Ашық есік күні Астана қаласында Бейбітшілік 10 мекенжайы бойынша Комитеттің орталық аппаратында өтеді. Ашық есік күніне қатысуға ниеттенген ЖОО-ның түлектері 14 шілдеге дейін Комитеттің орталық аппарат электронды поштасына shberdenova@mgd.kz қатысқысы келетіні туралы өтінішін берулері тиіс. Өтініште міндетті түрде қатысушының аты-жөні, бітірген ЖОО-ны, мамандығы, байланыс телефоны көрсетілуі керек. Астана және Алматы қалалары мен басқада облыстағы аумақтық мемлекеттік кіріс органдарына қатысамын деушілер өлкелеріне сәйкес органдарға өтініштерін береді.

Н. Нұрмаханұлы