Колледждерде білім алу тегін болуы мүмкін

Колледждерде білім алу тегін болуы мүмкін

Қазақстандағы колледждерде білім беру жүйесі ақысыз негізге көшуі мүмкін. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ақтөбеге барған іс-сапарында мәлімдеді, деп хабарлайды "Мой город".

Іс-сапар барысында министр қазір Қазақстанда орта білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқандығын атап өтті. Министрдің айтуынша, Елбасы Астана мен Алматы қалаларында әлемдік деңгейдегі екі жаңа колледж салуды тапсырған. Сонымен бірге орта білім мекемелеріндегі материалдық-техникалық база да жаңартылып,  оларға мемлекеттік тапсырыстың да артып жатқанына тоқталды.

Бұдан бөлек, мектеп түлектерінің барлығы өздерінің бірінші мамандықтарын тегін алулары жайлы мәселе де қарастырылып жатқан көрінеді.

Айта кетсек, министр Ақтөбе қаласына Елбасының «Қазақстан -2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа бағыты» жолдауын түсіндіру үшін келген болатын. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: primeminister.kz

Ж. FM