2050 жыл: әлемде қандай өзгеріс болады?

2050 жыл: әлемде қандай өзгеріс болады?
Фото: eng.konti.ru

Болашақты болжау үшін көріпкел болудың қажеті жоқ. Тек қана болып жатқан әрбір іске, қоғамға назар салсаңыз, келешектің не беретіні анық көрінеді. Заман дамыған сайын оның жарық болашағы айқындалып, алуан-алуан түрлі құбылыстарға толы болары анық. Сонымен 2050 жылға дейін әлемнен қандай өзгерістер көре аламыз? 

Дәл қазір жер бетіндегі ең биік ғимарат деп Дубайдағы Бурдж-Халифаны атаймыз. Бірақ ең биік нүктені көрсетіп тұрған ғимараттың рекордтық көрсеткіші 2020 жылы аяқталады. Себебі Сауд Арабиясында 2020 жылы биіктігі 1006 метр болатын Jeddah Tower ғимараты орын тебеді. 

Bigelow Aerospace компаниясы 2020 жылы ғарышқа ұшып шығатын қонақ үй үлгісіндегі ғарыш кемесін дайындап шығарады. 

2024 жылы SpaceХ ракетасы Марсқа аттанады. 

2025 жылы жер бетіндегі халықтың жан саны 8 миллиардқа жетеді. 

2028 жылы Венецияны толыққанды су басуы мүмкін. 

2038 жылы АҚШ-тың ұлттық мұрағат қоры ел президенті Д.Кеннедидің өліміне байланысты ақиқатты жария етеді. 

2050 жылы Марсты игеру жұмыстары аяқталып, «Марс бір» жобасы арқылы жерден адамдарды тасу әрекеті жүзеге асуы мүмкін. 

М. Ақан