Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Хронология / Алматыдағы археология мұражайы. 1-бөлім

Алматыдағы археология мұражайы. 1-бөлім

Алматыдағы археология мұражайы. 1-бөлім

Бүгіннен бастап Массагеттің ардақты оқырмандарын Алматыдағы археология мұражайымен таныстыруды қолға аламыз.

Археология мұражайы 1973 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының археология институтының жанынан ашылған. Мекеменің мақсаты республиканың археологиялық материалдарын сақтап, зерттеу жұмыстарымен айналысып отыру болды. Айта кетелік, мұражайдың ашылуына мұрындық болған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев болатын. 

Археология мұражайы 2010 жылдың маусымында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрамына енген.

Мұражайдың құрылып, тез жұмыс істеп кетуіне себеп болған қазақ ғалымдарының 1920 жылдардан бері атқарған орасан зор еңбегі деп айтуға болады. Осы қазақстандық ғалымдардың жүргізген көпжылдық зерттеулері Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы туралы бай әрі сирек мәліметтерді қолға түсіруге мүмкіндік берді.

Мұражайды құруға Ә.Х. Марғұлан, А.Н. Нүсіпбеков, К.А. Әкішев, Х.А. Алпысбаев, М.К.Қадырбаев, А.Г. Максимова, К.А. Байпақов секілді белді ғалымдардың көп үлес қосқандығын да қоса кетелік.

Ғимаратта әлемдік тарихи және ғылыми маңызы зор сирек кездесетін артефакттар сақтаулы. Айта кетелік, бұл мұражай бұндай сипаттағы республикадағы жалғыз мекеме болып табылады. Осынысымен қазақстандық мұражайтану жүйесінде ерекше маңызға ие. Ондағы ерекше экспонаттар бүкіләлемдік ірі көрме алаңдарының назарын сан мәрте аудартты.

Археология мұражайы осы уақытқа дейін жер бетінің барлық құрылықтарында теңдесі жоқ бірнеше көрме ұйымдастырған. Бұл шаралардың барлығы көрермендер тарапынан жоғары бағаға ие болды. Көрмелер Дания – «On the Silk Road», Италия – «L’UOMO D’ORO», «Altyn Adam L’UOMO D’ORO», АҚШ – «Of Gold and Grass. Nomads of Kazakhstan», «Nomads of Eurasia», Австралия (Сидней қаласы) – «Bright Flowers», Германия – «Сақтардың патша қорымдары: алтын гриф белгісімен», Дижон, Ренн (1990 және 2001 жж.) – «Алтын адам Францияда» елдерінде өтті. Бұдан бөлек Токио (Жапония), Стамбұл (Түркия), Тэгу (Оңтүстік Корея) секілді қалаларда Қазақстанның мәдениет күндері аясында да түрлі шаралар өтті.

Археология мұражайы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шолу экскурсияларын өткізеді.

Осы археология мұражайымен қатар, басқа да құрылымдар туралы қосымша ақпаратты Ғылым ордасының ресми сайтынан оқи аласыздар.

Алдағы уақытта Массагет назарларыңызға мұражай туралы дайындалған толық фоторепортажды ұсынатын болады.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Еркебұлан Қайрахан

1855 1
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 11 маусым 2013, 10:20
Пікірлер
+0
11 маусым 2013, 11:31

Барып көрмеппін мына музейге, барып көретін екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...