Патша, король, император титулдарының айырмашылығы

Патша, король, император титулдарының айырмашылығы
Фото: yandex.kz

Патша, король, император, хан ұғымдары бір-бірімен ұқсас сияқты көрінгенімен, құрған мемлекеттік құрылымына қарай айырмашылық бар.

Қазіргі еуропа халқының түп атасы герман, скандинав халықтары «kn» түбіріне ұқсас сөзді титул ретінде алған: konung (скандинавия аймағы), king (Британ аралдары), князь (славяндарда).  

Ал біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда Еуропаға басып кірген ғұндар бұл аймақтағы халықтың отаршылық өмірден бас тартып, атқа қонуына, содан Рим империясына қарай көшуіне, босқын болуына себеп болды. Содан Рим империясы құлап, оның орнында Франция, Албания, Англия, Испания сынды мемлекеттер пайда болды. Бұл елдерді құрған тайпалар бұрынғы king/konung/князь титулын тастамай, енді мемлекет басшыларын атай бастады.

Ал «король» сөзінің пайда болуына дін әсер етті. Католик дінін ұстанушы басшыларды Еуропада «король» деп атаған. Испан корольдігі, Франция корольдігі, Герман корольдігі.

Император – әлемді жаулаушыларға арналған титул. Мәселен, Рим басшылары Жерорта маңындағы елдердің бәрін жаулап алған кезде, Октавиан Август өзін «император» деп жариялап, Рим империясын құрды. Сол сынды Шыңғысханды да император деуге болады.

Рим империясы пайда болғаннан кейін «император» ұғымының мағынасы да кеңейіп, «толыққанды билік», «держава билігі» сынды адуынды мән-маңызға ие болды. Ал империя түсінігі көптеген халықтарды бағындырып, күрделі иерархиялық құрылым арқылы басқару жүйесін білдіруші ұғымға айналды. Рим империясында «император» мен «цезарь» ұғымдарының мән бір. Императордың ұрпақтарын цезарь деп атаған.

Орыс тіліндегі «царь» сөзі осы «цезарь» сөзінен шыққан. Мағынасы бір. Орта Азия елдерін отарлаған орыс билігі Ресей Империясын құрып, басшыларын «император» түсінігімен ұғымдас «царство» (Русское царство) сөзін қолданған.

Қазақ тіліндегі хан ұғымы Шыңғысхан билігі кезінде пайда болды. Оның билікке келген ұрпақтарына «хан» атауы берілген. «Ханға» дейін түркі халықтары басшыларын «қаған», ал құрылған мемлекетті «қағанат» деп атаған. Бұл хандардың басы, бас хан дегенді білдіреді.

Қ. Слямбек