Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарих / Қазақ хандығының 550 жылдығы биыл ма?

Қазақ хандығының 550 жылдығы биыл ма?

Қазақ хандығының 550 жылдығы биыл ма?

Шығыстанушы ғалым Ислам Жеменей парсы тілінде жазылған тарихи туындыларды қазақ тіліне аударған. Ол қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына демеу болған Қазақ хандығының нақты құрылған уақыты келтірілетін «Тарих-и Рашиди» еңбегін қазақша сөйлеткен. Ислам Жеменей — қазақ тарихын бірнеше ғасырға дейін айқындап, тағылымын тереңдеткен тұлға.

Филология ғылымдарының кандидаты Ислам Жеменей қазіргі таңда Сулейман Демирел атындағы университетте дәріс оқиды. Иран территориясында туған қазақ баласы өз тарихын ерте жасынан таныған екен. Ғалым Иран Ұлттық университетінде, кейіннен Түркиядағы Стамбұл университетінде білім алады. Назарларыңызға шығыстанушы ғалымның пікірлерін ұсынамыз.

– Мемлекетіміз Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатыр. Дегенмен бұл жылдық көрсеткішті нендей тарихи дерекке сүйеніп айтатынымызды көбіміз білмейміз. Ол Мұхамед Хайдар Дулатидің (1499-1551 ж.ж.) «Тарих-и Рашиди» еңбегінде келтіріледі. Ол Ташкент төңірегінде туған. Дегенмен соңғы 10 жыл ғұмырын Кашмирде (Үндістан) әкім лауазымында отырып өткереді. Сонда, яғни Ұлы Моғол империясында өмірден озады. Ал тарихи туынды 1542-1546 ж.ж. жазылғанын ескерсек, автор оны Үндістанда жүрген кезінде жазғанын түсінеміз. Дулати еңбегі Қазақ хандығының нақты құрылған уақытын келтіргені үшін құнды. Дегенмен ол: «Қазақ хандығы 1465 жылы Шу алабында құрылды. Дұрысын бір Алла біледі» деп жазады. Мұхамед Хайдар Дулати барлық тарихи деректерден кейін осылай жазып отырған. Ал деректі салыстыратын бізде әзірге өзге құнды мәлімет жоқ. Мүмкін бар болар, оны тек мұрағаттардан іздеу керек.

 Тарихи кітаптардың барлығы жаратылыстың бастауын әңгімелейді. Бұл өте маңызды. Мысалы, «Зафарнама» еңбегі (1424-1425 ж.ж.) парсы тілінде жазылған орта ғасырдағы еңбек болса да, біз оны өзімізге жақын тұтамыз. Себебі «қазақ» сөзі осы тарихи туындыда алғаш рет кездеседі. Ал оны ғылыми айналымға енгізген, жоғарыда аталған туындының авторы  Шараф ад-Дин әли Йазди есімді парсы ақыны әрі тарихшысы. «Қазақ» сөзі түркі тілдес тайпалар арасында жаппай қолданысқа сол кезден бастап ене бастағанын осыдан білуге болады. Дәл осы кезеңде «қазақ» халқының ұлт формасына ауысу үдерісі жүреді.

 Менің өз түсінігімде тіл деген әрбір адамның болмысын қалыптастыратын діңгек деп білемін. Адамның қалыптасу үдерісі толығымен оның ана тіліне байланысты. Мысалы, қазақ тілінде сөйлейтін адам қазақ сөздерінің ұғымы мен құндылығын, олардың терең мағынасын біледі. Сол себепті адамның психологиясы өзге ұлт өкілдерінен өзгеше болып тұрады. Ал араб, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген қазақ баласының психологиясы да өзіндік артықшылықтарға ие. Себебі ол өзге шет тілдерін меңгеру арқылы олардың ділін де игерген.

 Өркениет шығыстан басталған. Бұған парсы, араб, қытай және көне түркі тілдерінде жазылған тарихи туындылар дәйек болады. Ал қазақ тілінің тарихын зерделегіңіз келсе осы тілдерді меңгеру керек. Себебі біздің ата тарихымыз аталған тілдерде жазылған еңбектерде жатыр.

 Қазақ тарихына қатысты құнды мәліметтер беретін «Тарих-и Рашидиден» де ертеректе жазылған еңбектер көп. Егер оларды да аударып, халыққа жеткізер болсақ, тарихымыздың белгісіз қырлары ашылады, маңызы арта түседі. Мысалы, Тарих-и Рашиди 1542-1546 жылдары жазылған. Ал одан бір ғасырдан көп уақыт бұрын «Зафарнама» (1424-1425 ж.ж.) еңбегі жазылды. Дәл осы еңбекте «қазақ» этнонимі алғаш рет кездеседі. Демек, Дулати еңбегіне дейін 120 жыл бұрын қазақ халқы туралы нақты жазылған деректер бар. Бір сөзбен айтқанда, қазақ Қазақ хандығының құрылуына дейін де «қазақ» біріккен халық болған. Тек ұлт формасына жетіп үлгермеген еді. Ал олардың Қазақ хандығының құрылуына дейінгі жағдайы туралы бізде ақпарат  жоқтың қасы. Дегенмен олар бірден бірнеше он жылда қалыптасып қойған жоқ. Олардың даму үдерісі, дәстүрі, салты уақыт бірлігімен ғасырлар тұңғиығында дамыды.

Жалғасы бар ...

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 06 қараша 2015, 12:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->