Рокхоппер пингвиндері көбеюінің сыры

1982 жылы Англия мен Аргентина Атлант мұхитындағы Фолкленд аралдарын билеу үшін соғысқан. Қақтығыс кезінде ағылшындар аралдарды жаулап алуына кедергі жасау үшін аргентиналықтар саяси маңызы бар аймақтарға мина қояды. Британдықтар жеңіске жетсе де, миналарды залалсыздандыра алмайды. Сосын белгіленген аймақты арнайы плакаттармен оқшаулайды.

Бұл жағдай жергілікті пингвиндер үшін тиімді болды. Фолкленд аралдарының тұрғындары соңғы 200 жылда Рокхоппер пингвиндерін жұмыртқасы мен майына бола өлтіріп келген. Пингвиндер соғыс үдерісі саябырсып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін мина қойылған аймаққа орнығып алады. Олардың салмағы минаны іске қосу үшін жеткіліксіз болған. Минадан қауіптенген адамдар пингвиндерді өз жайына қалдырады. Нәтижесінде олардың саны көбейе түскен.

Қазіргі таңда Рокхоппер пингвиндерінің әлемдегі ең көп бөлігі осы аралдарда өмір сүреді. Олардың басым бөлігі Атлант мұхитының оңтүстігіндегі аралдарда жұмыртқалайды. 

Бөлісу: