Ағылшын тіліндегі сұрақ түрлері
Фото: englex.ru

Ағылшын тіліндегі сұрақ түрлері

Біз ақпарат алу үшін және қызығушылығымызды көрсету үшін сұрақтар қоямыз. Ағылшын тілінде сұрақ қою оңай емес. Оның бірнеше түрі бар. Бүгін ағылшын тіліндегі сұрақ түрлеріне тоқталып өтеміз.  Ағылшын тілінде сұрақтың 5 түрі бар: жалпы, арнайы, балама, бөлетін және жанама.


Жалпы сұрақ
Жалпы сұрақтар сіз білетін ақпаратты растауға немесе жоққа шығаруға көмектеседі. Әдетте, сұрақтардың бұл түрлері қысқаша жауап береді - yes немесе no.
- Is she married? — Ол тұрмысқа шыққан ба еді?
- Was John visit his grandparents? — Джон ата-әжесіне барып қайтты ма?

Арнайы сұрақ
Арнайы сұрақ әңгімелесушінің егжей-тегжейлі жауабын талап етеді. Оны дұрыс құрастыру үшін сөйлемнің басында сұрақ сөздерін қолдану керек.
- Where were you yesterday? — Кеше қайда болдың ?
- When can we go to the teacher? — Мұғалімге қай уақытта бара аласымыз?

Балама сұрақ
Балама сұрақ қою арқылы сіз әңгімелесушіге бірнеше жауаптардың арасынан таңдауды ұсынасыз. Ауызша және жазбаша балама сұрақтарды дұрыс қоя білу маңызды.
- How many tennis racquets does the sportsman need, one or more? — Қанша теннис ракеткасы керек? Біреу әлде бірнеше?
- How will he travel: by car or by train? — Ол қалай саяхаттамақшы, көлікпен әлде пойызбен?

Бөлетін сұрақ
Бөлетін сұрақ әңгімелесушіні ақпаратты растауға немесе жоққа шығаруға шақыратын қысқа сөз тіркесімен аяқталады. Әдеттен қазақ тілінде "олай емес пе", "солай ма", "иә".
- Emmy is an actress, isn’t she? — Эмми ақтриса емес пе, иә?
- You remember Andrew, don’t you? — Эндрю есіңде шығар, иә?

Жанама сұрақ
Жанама және тікелей сұрақтардың негізгі айырмашылығы бұл жерде сұрақ қоюшы адам үндеу жариялайды әрі өтініш білдіреді.
- Could you tell me whether he still works at school? —Айта кетсеңіз, ол әлі күнге дейін мектепте жұмыс істей ме?
- Do you know when he arrives at his place? — Оның үйге қашан оралатынын білесің бе?

Т. Есқали