Әйгілі маньяктар туралы шығармалар

Әйгілі маньяктар туралы шығармалар
Фото: envato.com

Әлемде күн сайын түрлі оқиғалар орын алады. Соның ішінде ең жиі тарағаны — адамның жоғалып кетуі. Бірі аман-есен үйге оралып жатса, бірі сол күйі  хабарсыз кетеді. Одан бөлек, әлемдегі жауыздықтың символы болған маньяктар да арамызда бар. Бүгін назарларыңызға әйгілі маньяктар туралы триллер туындылар мен журналистік зерттеулерді ұсынамыз. 

Роберт Грейсмит
"Зодиак. Непойманный убийца" / "Зодиак. Қолға түспеген кісі өлтіруші"

Роберт Грейсмит 1969 жылы Америкадағы ең танымал кісі өлтіруші пайда болған сәтте қарапайым карикатурашы болып жұмыс істеген болатын. Қылмыскер жергілікті басылымға арнайы кодталған жолдау жібереді. Оқырмандардың барлығы оның жұмбағын шешуге тырысқанымен, ешнәрсе шықпайды. Грейсмит те қызығушылық танытқан оқырмандар қатарынан. Бұл іске қызыққаны соншалықты, он үш жыл бойына қылмыскер жолдауын шешуге барын салған. Соның кесірінен жарымен ажырасып, өзі криминалистика саласындағы жазушы болған.  Оның кітабы негізінде кейін Дэвид Финчер кино түсірген. 

Ричард Ллойд Пэрри
"Пожиратели тьмы: Токийский кошмар" / "Түнек жалмауыздары: Токиолық үрей"

Журналист Ричард Ллойд Пэрри  2000 жылы болған Люси Блэкманнің өлімі туралы кітапты он жыл бойына жазған.  Жас ағылшын бойжеткенін жапон бизнесмені Ёдзи Обара аяусыз өлтірген. Оның құрбандарының саны сол күйі белгісіз, кей тергеу нәтижелері 150-ден 400-ге дейін екенін көрсеткен. Кітаптың авторы сол уақытта Токиода өмір сүріп, істің мән жайын баяндап отырған. Одан бөлек, жақсы отбасында ер жеткен Обараның мұндай болуына не әсер еткенін түсінуге тырысқан. 

Винсент Буглиози, Курт Джентри
"Helter Skelter: Правда о Чарли Мэнсоне" / "Helter Skelter: Чарли Мэнсон туралы шындық"

1969 жылдың 9 тамызында "Отбасы" сектасының төрт мүшесі режиссер Роман Полански мен актриса Шэрон Тэйттің үйіне басып кіріп, оларды аяусыз өлтіреді. Винсент Буглиози тергеу жұмыстарын толыққанды өз кітабында баяндайды. Зерттеу жұмыстары арқылы ол қанды қол қанішерлердің басты мақсаты Helter Skelter философиясы екенін,  нәсілдік жіктеу екенін дәлелдейді.  

Марк Дюген
"Дорога великанов" / "Алыптар жолы"

Эл Кеннердің он бес жасқа толған туған күніне ата-әжесі бақты қояндардан қорғау үшін мылтық сыйлайды.  Арада үш күн өткен соң мектептегі IQ көрсеткіші Эйнштейннен жоғары оқушы Эл ата-әжесін атып тастайды. Бұл өлімнен кейін жасөспірім бес жыл бойына психикалық ауытқуы бар адамдарға арналған емханада жатады. Бірақ, шыққан соң өзінің "жорығын" қайта қолға алады. "Алыптар жолы" кітабы Эдмунд Кеплердің оқиғасы негізінде жазылған. Ол әлі күнге дейін абақтыда өз жазасын өтеп жатыр. Француз жазушысы Марк Дюген қолынан кез келген саланың мықты маманы болу келетін адамның неліктен кісі өлтірушісі болуды таңдағанын ұғуға тырысқан.  

Дэвид Эверит, Хэролд Шехтер
"Энциклопедия серийных убийц" / "Сериялық қылмыскерлердің энциклопедиясы"

1920 жылдың аяғында америкалық Карл Панцрам зорлық-зомбылықтан, бастап кісі өлтіруге дейін бірнеше мыңдаған қылмыс жасаған мойындап, ешнәрсге өкінбейтінін айтқан. Панцрам — қорқынышты кітаптың бір ғана кейінпкері.Барлық оқиғалар өмірде болған. Авторлар бұндай туындыға қызуығушылықты былай түсіндіреді: "Егер адамдарды психопат образдары қызықтырса, оның садизм мен өзге де жауыздыққа құмарлығын білдірмейді (бірақ адам психикасында түбінде бұл қасиеттерге деген бейімділік барын жасыруға болмайды). Бұлар түнде қорқынышты әңгіме тыңдағанды жаны сүйетін балалар сияқты. Маньяктар, қылмыскерлер туралы кітаптар оқып, фильмдер қарап арқылы олар өз қорқынышын басқаруды үйренеді". 

Т. Есқали