Миллиондаған адам өмірін жалмаған індеттер

Миллиондаған адам өмірін жалмаған індеттер

Қытай мемлекетінде бастау алып, әлемнің түкпір-түкпіріне таралып жатқан коронавирустың жаңа түрі жылдың басты мәселесі. Бүгінге дейін әлемде 400 мыңнан астам адам аталған вирусты жұқтырып үлгерген. Бұндай қауіпті вируспен адам бірінші рет бетпе-бет келіп отырған жоқ.

2014 жылы Эбола эпидемиясы туралы ақпарат халықты дүр сілкіндірген еді. Оған дейін де түрлі қауіпті вирустар мен бактериялардың салдарынан миллиондаған адам өмірмен қош айтысқан болатын. Бүгін назарларыңызға адамзат тарихында кездескен жойқын әрі қауіпті індет ұсынамыз.

Оба

Картинки по запросу чума

"Оба" сөзі індеттің синонимі іспеттес. Бұл аурудың негізгі қоздырғышы оба таяқшасы болса, адамға инфекцияны көртышқан мен бүрге жұқтырған. Тарихи дерек көздерінде алғаш рет оба біздің заманымызға дейінгі 540 жылы пайда болғаны айтылады. Бір ғасыр ішінде дерттен 150 миллион адам қайтыс болған. Сол уақытта әлем халқының саны небәрі 400-450 миллион болатын.

Екінші рет оба вирусы қайта XIV ғасырда шығады. Індет Африка мен Еуразия аймағына таралды. Оны халық "Қара өлім" деп атаған. Одан бөлек, науқастардың денесінде жара мен ісіктер пайда болатындықтан "Безді оба" деген атауы да болған. Алғашқы белгілер Гоби шөл даласында байқалып, Алтын Орданың саудагерлері арқылы инфекция жердің түкпір-түкпіріне тарады. Бұл жолы да салдары тым ауыр болды: Еуропа халқының 40 пайызы қырылса, Қытай мен Үндістанның жүздеген қаласы мен ауылы қаңырап бос қалған еді. 

Оба таяқшасы қайтадан 1855 жылы Қытайда "оянады". Юньнань таулы аймағының тұрғындары алғашқы қырық жыл бойына дертпен "жалғыздықта" күрес жүргізеді. Бірақ, XX ғасырдың басында саудагерлер мен әскердің аймақ бойынша шекарадан асуы індетті әлемнің түкпір-түкпіріне таратты. Індеттің үшінші "толқыны" айтарлықтай жойқын болмады. Тек Қытай мен Үндістанның 20 миллион адам өмірін жалмады.

Ауруды жеңуде кеңес үкіметінің ғалымдары мол еңбек сіңірген. 1947 жылы Маньчжуриядағы оба ауруын емдеу барысында алғаш рет стрептомицин қолданылды. Соның арқасында тіпті өлім аузында жатқан науқастар да аяққа тұрған. Кейін оба инфекциясы халық арасында тараған. Бірақ, талай жылғы зерттеу жұмыстары арқасында тек антибиотик, сульфаниламид секілді медициналық дәрі-дәрмектер арқылы емдеп, қауіптің алдын алуға болады.

Тырысқақ (Холера)

Холера қауіпті ішек инфекциясы ретінде адамзатқа ежелден белгілі. Бұл ауру түрі Гиппократ пен Цельстің жазбаларында да кездеседі. Әдетте науқас ауру кезінде денедегі сұйықтықты көп мөлшерде жоғалтып, нәтижесінде ішек жолы аурулары асқынады. XIX  ғасырға дейін дерт тек бірнеше жағдаймен шектелетін. 

1816 жылы қазіргі Бангладеш аймағында алғашқы холера індеті басталды. Ағылшын әскерилері мен миллиондаған үндіс, Ява аралының жүзден аса тұрғыны дерт құрбаны болды. Ғасыр ортасында аталған дерт Ресей аймағына жетеді. Кейін Германия, Франция, Ұлыбританияға таралады. Көп ұзамай инфекция шекара асып АҚШ және Канада аймағына жетеді. Нәтижесінде 250 мың адам қайтыс болады. 

1860 жылға таман "жойылды" деп саналған вирус қайта пайда болады. 1920 жылға дейін дерт 10 миллион адамның өмірін жалмайды. Соңғы рет пандемия 1962 жылы байқалады. Одан кейін тек бір реттік жағдайлар ғана тіркелген.  

Қара шешек

Оспа дертіне шалдыққаннан кейін адамның одан айығу мүмкіндігі өте төмен. Дерттен айыққанның өзінде, адамның көзі көрмей қалады не денеде жарадан кейін тыртық ізі қалып қояды.  

Шешек ауруы алғаш рет біздің заманымызға дейінгі V-VIII ғасыр аралығында Шығыс Азия аймағында байқалады. Бұл дерт туралы ақпараттың аз болуы және емшараны уақытында қолданбау адам шығынына әкеледі.

Қытай мен Кореяның халық саны төрт есе азайып, Жапония халқының 40 пайызы жойылып кеткен. Аман қалса да, мүгедек болып қалғандар саны 20 миллионға жеткен.

Адам өмірі үшін күрескен дәрігерлер мен зертетушілер жануарлармен  жұмыс істейтіндер (шопандар, сауыншылар) басқаларға қарағанда сирек ауыратынын аңғарған. Кейін, адамға инфекцияның әлсіз түрі сиыр шешегін жұқтырту арқылы "қара шешекті" жеңуге болатынын ұғады. Кейін бұны адам екпе ретінде қолданады. Оның әсері әлсіреген уақытта екпе қайталанады. Кей адамдар екпеден бас тартып, өз өмірін қауіпке тігеді. Нәтижесінде, 1875 жылы Еуропада жыл сайын миллион адам өледі.

1928 екпенің арқасында "қара шешек" адамзат өміріне қауіп төндірмеді. Соған қарамастан, XX ғасырға дейін 400 миллионға жуық адам өмірін жалмаған.  

Испан тұмауы

Картинки по запросу испанка болезнь

Адамзат тарихында ең қауіпті тұмау пандемиясы алғаш рет Испанияда байқалған. 1918 жылдың мамырында 9 миллионға жуық адамның дертке шалдыққаны белгілі болған. Алғашқы Дүниежүзілік соғыспен тығыз байланысты көші-қон, әскерилердің жылжуы вирустың жер бетінде жылдам таралуына әсер етті: Аляскадан Гренландияға, одан Аустралия мен Амазонканың ну ормандарына дейін жеткен. Техникалық үдеріс те өз үлесін қосты. Пойыз, кеме секілді транспорт түрін қолдану нәтижесінде алғашқы 30 апта ішінде 35 миллион адам қырылған. Испан тұмауымен жер ғаламшарының үштен бір бөлігі ауырған. Деректер бойынша, 60-100 миллион арасында адам өмірмен қош айтысқан.

2009 жылы испан тұмауы қайта байқалды. Бұл жолы оның жеңіл түрі ғана тарады. ХХ ғасыр басында "испан тұмауы" атауымен белгілі штамм H1N1 бүгінде атауы "шошқа тұмауы" деп өзгертілді.

Бүгінде кез келген дерт сақтық шараларын қолданбаса, әлемнің талай тұрғынына зиян келтіреді. Сондықтан, денсаулығыңыздан өзгеріс байқасаңыз, бірден дәрігер көмегіне жүгінуге кеңес береміз. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
"Үркерде" үздік шыққан 3 фотосурет тарихы
"Үркерде" үздік шыққан 3 фотосурет тарихы
Француздар нағыз Парижді танытатын фильмдерді атады
Француздар нағыз Парижді танытатын фильмдерді атады
Жаңа табылған дене мүшесінің қызметі қандай?
Жаңа табылған дене мүшесінің қызметі қандай?
ЮНЕСКО қорғауындағы әлемдік мәдени мұралар
ЮНЕСКО қорғауындағы әлемдік мәдени мұралар
Тіс неге сарғаяды?
Тіс неге сарғаяды?