Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / English lessons: ағылшын тіліндегі 5 тіркес етістік

English lessons: ағылшын тіліндегі 5 тіркес етістік

English lessons: ағылшын тіліндегі 5 тіркес етістік

Ағылшын тілінде тіркес етістіктердің маңызы зор. Өйткені, күнделікті өмірде негізгі етістіктерге қарағанда, туынды етістіктер жиі қолданады. Бүгін назарларыңызға шетелдіктермен тілдесу барысында қолдануға болатын 5 тіркес етістікті ұсынамыз:

1. Set up

Set up етістігінің алғашқы мағынасы – жүйе жасау немесе құрастыру. Сіз үйде компьютер жүйесін жинақтай аласыз, яғни тек процессор ғана емес, монитор, динамикасы мен барлық бөлігін біріктіре білсеңіз оны – to set up a computer деп түсіндіре аласыз. Сонымен қатар, сатып алатын не сатумен айналысатын бизнес түрімен айналыса аласыз: I  have set up a company that brings me $100000 per annum. – Мен жылына миллион доллар табыс алып келетін компанияның негізін қаладым.  

Set up етістігінің екінші мағынасы – "өзге біреуді ыңғайсыз жағдайда қалдыру". Фильмдерден "мені алдап кетті, аяғымнан шалды" дегенді жиі естиміз. Мысалы, қылмыскерлерді ұстау операциясы кезінде полиция өз қызметкерлерін қылмыскер арасына тыңшы ретінде жібереді: They set up the criminal from the very beginning so that he could believe it to be true. – Олар әу бастан-ақ қылмыскерлерді мұзға отырғызып кетті, сондықтан олар оған сенді.

2. Work out

Work out сөзінің алғашқы мағынасы – "спортпен айналысу, жаттығу": We go to gym to work out muscles – Біз спортзалға бұлшық еттерді жаттықтыру үшін барамыз.

Екінші мағынасы — "мәселені шешу": If we have problem of any kind we must work it out – Егер осындай мәселелер туа қалса, біз оны шешуіміз керек. 

3. Turn out

Бұл тіркес арқылы кенеттен білген нәрсені сипаттайды: It turns out Mr. Edwards is a soldier – Эдвардс мырза сарбаз болып шықты. 

Екінші мағынасы –  "өндіру, өнім шығару": Some business can turn out million cars a year,  the others turn out TV programs etc. – Кейбір өнеркәсіп жылына миллион автокөлік өндіреді, ал кейбірі телевизиялық бағдарламалар шығарады.  

4. Cut off

Cut off етістігі өшіру/ өзгенің сөзін бөлу / біреудің жолын кес-кестеу деген мағыналарда қолданылады.
• 
It turned out that Mr. Brown has forgotten to pay his electric bill so the power was cut off. – Браун мырза электр шотын төлеуге ұмытып кеткен болып шықты, оның үйіндегі жарықты кесіп тастады. 
• Don’t cut me off, I need to speak! – Сөзімді бөлме, айтарым бар!
• A black car cut me off on the road. – Қара көлік жолымды кес-кестей берді.

5. Catch up

Сatch up сөзі қуып жету және есесін қайтару деген мағыналарды білдіреді.
• 
We haven’t seen for ages, so now we are sitting in the pub, drinking beer, catching up – Көріспегелі көп болды, қазір барда отырмыз, сыра ішіп өткен күндердің есесін қайтарамыз. 
I need some time to catch up on my work after the vacation. – Еңбек демалысынан кейін жоспарды қуып жету үшін маған біраз уақыт керек.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 29 қазан, 09:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.