Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Әлемдегі ең қауіпті 11 мамандық

Әлемдегі ең қауіпті 11 мамандық

Әлемдегі ең қауіпті 11 мамандық

Егер өз жұмысыңызға көңіліңіз толмаса, төменде аталған мамандықтар ойыңызды түбегейлі өзгертеді. Бұл мамандықтар ерекше, адамды еліктіретін әрі көп жалақы төленетін жұмыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ оларды ортақтастыратын – қауіптілік.

Жылан сауушы

Жылан сауушылар жыланның уын алумен шұғылданады. Жылан уы көптеген заттардың құрамында қолданылады. Бірақ медицина саласындағы маңызы орасан. Аталған жұмыста қауіпсіздік шаралары қолданылғанымен, әр сауу процесі өте қауіпті.

Құрылысшы

Құрылысшылар қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар қолданғанымен, бұл жұмыста өмірге қауіпті құралдар, ауыр заттар жетерлік. Сонымен қатар биікте жұмыс істеудің өзі айтарлықтай қауіпті.

Жеткізуші

Қызық, бірақ көптеген елде жеткізуші қызметі өте қауіпті саналады. Мас адамдардың немесе ашулы адамның үйіне пицца жеткізуге барсаңыз, не болатынын ойлаңызшы. Сонымен қатар жеткізушілерді жиі тонап кетеді екен.

Родео-шабандоз

Бұл жұмыс 90-жылдардың соңында танымал бола бастады. 8 секундқа созылатын қойылым үшін қыруар ақша төленетін еді. Алайда төленетін ақшадан гөрі, қойылым барысында алатын жарақаттар әлдеқайда маңызды екенін айта кеткен жөн. Көрсеткіш бойынша, родео-шабандоз әр 15 қойылымның біреуінде жарақат алады екен.

Тауға жолбастаушы

Көптеген адам биік таудың шыңына шығуды армандайды. Кейбірі арманын орындау үшін, тауға алып баратын жолбасшы мамандығын таңдайды екен. Олардың жұмысы тек жол көрсетумен шектелмейді. Жолбасшылар ауыр жүкті көтеріп, қауіпті жолдарды анықтап, өзге адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Микрочиптерді өндіруші

Компьютерге арналған чиптерді өндіру үшін түрлі қауіпті химиялық заттар қолданылады. Олардың қатарында сынап та бар. Микрочиптер өндірісі адам өліміне алып келмесе де, салдарынан әйел қызметкерлер түсік тастайды немесе сәби денсаулығында кінәратпен туылады екен. Сонымен қатар, қызметкерлер тыныс жолдары ауруларына немесе қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін.

Әскери тілші

Өмірдегі шындықта сол қалпында жеткізудің маңызы зор. Алайда бұл қызмет адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді. Сонымен қатар әлем бойынша тілшілерді ұрлап кететін, азаптап немесе өлтіретін жағдайлар да аз емес. Ал соғыс аумағында болсаңыз, ол жерде тілші емес, дұшпан ретінде қабылданасыз.

Мұнай платформасында жұмыс істеу

Бұрғылаушылар әлемдегі ең жеңіл тұтанғыш заттармен жұмыс істейді. Кейде оларға қатарынан 16 сағат, тәулік бойы немесе 2 күн жұмыс істеуге тура келеді. Бұрғылаушылар арасында өрт, жарылыс немесе батып кету салдарынан көз жұму кең таралған.

Қолтырауынды үйретуші

Бұл мамандық сізді қолтырауынға жем болуға әкелуі мүмкін. Қолтырауынды үйретуші өз өмірін тәуекел етіп, дене мүшелерін қолтырауын аузына тығып, құйрығымен ойнап, басқа да миға сыйымсыз әрекеттерге барады.

Ағаш кесуші

Ағаш кесуші әлемдені ең қауіпті мамандықтардың бірі саналады. Себебі өзге мамандықтарға қарағанда, аталған сала жұмысшылары арасындағы өлім 20 есе жоғары екен. Күн сайын ауыр техникалармен жұмыс істейтін мамандар көбіне құрылғы істен шыққандықтан немесе ағаш астында қалғандықтан көз жұмады екен.

Балықшы

Балық аулау да оңай іс емес көрінеді. Балық аулаушы – әлемдегі қауіпті мамандықтардың бірі. Оған ауа райындағы өзгерістер себеп болады. Барлық мамандық ішінде мамандары ең көп өлімге душар болатын балықшылар болып шықты.

osken-onir.kz

Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Финансы - TUT.by
Қосылған күні: 16 сәуір, 13:32
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.