Ағылшын тіліндегі идиомалар

Ағылшын тіліндегі идиомалар
Фото: englishtime-team.com.ua

Ағылшын тіліндегі идиомалар қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері секілді. Олардың мағынасы тіркестегі сөздердің тура мағынасынан әлдеқайда бөлек. Ағылшын тілін үйренуді мақсат еткен жандарға «Қорқыныш» тақырыбында жиі қолданатын ағылшын идиомаларын ұсынамыз:

Get cold feet
Мағынасы: соңғы уақытта қорқып қалу.
Кейде ер жүрек, батыл адамдардың өзі маңызды сәтте өзіне күмән келтіреді. Яғни, бұл кезде «get cold feet» тіркесін тілге тиек етсеңіз болады.
Мысалы: There was nothing to worry about before the concert, as I was well prepared. Nevertheless, I got cold feet right before my entrance.
– Жақсы дайындық жұмысын жүргізгендіктен, концерт алдында қорқыныш болмады. Бірақ, сахнаға шығар сәтте қатты қорықтым.

Jump out of the skin
Мағынасы: қатты қорқу, жүрегі ұшу
Егер пранк ұйымдастырып, достарыңызды кенеттен қорқытқанды жақсы көрсеңіз, бұл сөзді олардың ауыздарынан жиі естуге дайын болыңыз.
Мысалы: «I jumped out of my skin when I noticed a big snake creeping on the path. 
– Жол бойымен сырғып бара жатқан жыланды көргенде жүрегім ұшты.

With one's tail between one's legs
Мағынасы: өзін қорқақ секілді ұстау
Егер досыңыз бұл сөз тіркесін қолданып жатса таңқалмаңыз. Өйткені, бұл идиоманың негізгі мағынасы – өзін қорқақ секілді ұстау немесе кенеттен қорқу.
Мысалы: The man left the store with his tail between his legs after he had been accused of trying to steal something.
– Ұрлық жасады деген жаладан қорқып, ер адам дүкеннен шығып кетті.

Push the panic button
Мағынасы: қатты үрейлену, уайымдау.
Адамдар кейде ойламаған жерден үрейдің құшағына енеді. Мұндай қорқыныш адам бойынан аттракциондарда немесе көпшіліктің алдында сөз сөйлеу кезінде кездестіруге болады.
Мысалы:  Our navigator pushed his panic button first when we began to sink.
– Суға бата бастағанда жолсерік бірінші болып үрейленген болатын.

Whistle in the dark
Мағынасы: қорқынышты жеңе білу
Қараңғыда сықырған дыбысты естісеңіз қуанатыңыз анық. Өйткені, ол адам сізге серік болып, демеу көрсетеді. Бұл да қорқынышты сәтте өзін-өзі ұстап, қорқынышқа ерік бермеген адамды сипаттайтын идиома.
Мысалы: Although the chances to stay alive diminished with every minute, we tried to whistle in the dark and stay optimistic.
– Тірі қалу мүмкіндігінің аздығына қарамастан, біз өзіміздің қорқнышымызды тежеп, жақсылыққа сеніммен қарауға тырыстық. 

Т. Есқали