Ағылшын тіліндегі пайдалы тіркестер

Ағылшын тілінде де тұрақты тіркестер жиі кездеседі. Кейде сөздің мағынасы басқа болғанымен, өзге сөзбен тіркесу арқылы мүлде басқа мағына беретін сөздерге қарап таң қалып жатамыз. Осыған байланысты ағылшын тілін меңгеріп жүргендерге арналған шағын тіркестер жинағын ұсынамыз:

(1) Be back
Аудармасы: қайта оралу
Мысалы: We will be back soon. Біз жақында қайта ораламыз.

(2) Break up
Аудармасы: айырылысу, қарым-қатынасты доғару
Мысалы: They have broken up. Олар айырылысып кеткен.

(3) Calm down
Аудармасы: сабырға келу, тынышталу
Мысалы: I managed to calm her down. Мен оны сабырға шақыра алдым.

(4) Come up with
Аудармасы: идея ұсыну, ұсыныс тастау
Мысалы: He came up with a great proposal. Ол жақсы ұсыныс тастады.

(5) Count on
Аудармасы: біреуге сенім арту
Мысалы: You can always count on me. Сен маған әрқашан сенім арта аласың.

(6) Hold on
Аудармасы: бекем болу, мықты болу
Мысалы: Hold on! It’s gonna be alright. Бекем бол! Бәрі жақсы болады.

(7) look for
Аудармасы: іздеу
Мысалы: I’m looking for a job. Мен жұмыс іздеп жүрмін.

(8) look forward to
Аудармасы: тағатсыздана күту
Мысалы: We look forward to seeing you. Сенімен кездесуді асыға күтіп жүрміз.

(9) Put off
Аудармасы: кейінге қалдыру
Мысалы: Never put off until tomorrow what you can do today. Бүгін жасай алатын ісіңді ертеңге қалдырма.

(10) Wake up
Аудармасы: ояну
Мысалы:I often wake up during the night. Мен жиі түнде ұйқымнан оянып кетемін.

                                                            Сәттілік тілейміз!