Жаңа әліпбиде "э", "ю", "я", "ё" әріптері қалай жазылады?

Жаңа әліпбиде "э", "ю", "я", "ё" әріптері қалай жазылады?
Фото: kaz.tengrinews.kz

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек қазақ тілінде латынша "ю", "я", "э", "ё" әріптерінің қалай таңбаланатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

- "Ю", "я" әріптері екі дыбысты білдіреді: "йа" - бұл "я" - бұл дифтонгтар, - дейді Ерден Қажыбек. - "Эксковатор" - шет тіліндегі сөз. Шет тіліндегі сөздерді қалай жазу - мүлде басқа мәселе. Бұларды қазақ тілінің құралдары арқылы жеткіземіз, проблема жоқ. Бұл айтарлықтай проблема емес. Басты мәселе - қазақ тілінде қалай дұрыс жазу турасында - қазақ сөздері, орыс тілінде - орыс тіліндегі сөздер. Кірме сөздер әрбір тілде сол тілдің заңдылықтары бойынша жазылады. "Эксковатор" қалай жазылатынын дәл қазір нақты айта алмаймын, "э" "е" ретінде жазылатын шығар, мұнда қорқынышты ештеңе жоқ. Мұның қазақ тілінің әліпбиі екенін ұғуға тырысыңыздар. Біздің төл қазақ дыбыстары дұрыс жеткізілмеген, дұрыс бейнеленбеген, шатасып кеткен. Сондықтан қазір тәртібін түзетіп жатырмыз, мұның бәрі дұрыс дыбыстап, дұрыс жазылуы үшін. Сондықтан да реформа өтіп жатыр". 

Ерден Қажыбек жаңа әліпбидің ескі әріптерді жаңа әріппен алмастыру емес екенін мәлімдеді. "Ескі әріптерді жаңа әліпбиден іздеудің қажеті жоқ. Біз әріптерді өзгертпейміз, әліпбиді өзгертпейміз. Қазақ тілінде бар болғаны 28 дыбыс. Біз 32-ге дейін көбейттік, себебі кірме сөздер қазақ тіліне енгендіктен, мысалы "в", "ф" әріптері жиі қолданылатындықтан, оларды ысырып тастай алмаймыз", - деп атап өтті ол. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 27 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған еді.

О. Сансызбай