Әлемнің 350 миллионға жуық адамы жабығып жүр

Әлемнің 350 миллионға жуық адамы жабығып жүр

Бүгінгі таңда әлемнің 350 миллионға жуық адамы жабығудан торығып жүр. Бүгін сол турасында «Жабығу: Әлемдік проблема» атты тақырыпта халықаралық  денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында мәлім етілді.

Зерттеуге зер сала кетсек, сауалнама жүргізілген он жеті елдің тұрғындары  - оның ішінде әр жиырмасыншы адам жабығудан ауыратын болып шықты. Ғалымдардың хатқа түсірген сөздеріне сенсек, онда осы бір психологиялық көңіл бұзылу жиі қайталанып тұрады және елдің еңсесін тіктеуге кері әсерін тигізеді екен.

Өздеріңіз біліп отырғандай, жабығу тек қана дамыған елдердің халқының басында ғана емес... Кедей деп, бай деп бөлмейтін кесірдің көңілге күдік ұялатары сөзсіз. Сол үшін қол ұшын жақын-туыстарға беруден бас тартпау керек. Әсіресе, әйелдерге.... Себебі, ерлерге қарағанда көбіне әйел баласы көп жабығады.

Айта кететін болсақ, жабығудан жандары құлазып жүрген адамдардың қатарында мүгедек жандар көш бастап тұр.

Қазіргі таңда аталған аурудың, яғни көңіл бұзушылықтың күннен-күнге көлеңкесі қалыңдап бара жатыр.

сурет:beauty-ideals.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига