Қазақстанда ұлттың электрондық миын жасау қолға алынды

Қазақстанда ұлттың электрондық миын жасау қолға алынды

Қазақстанда ұлттың электрондық миын жасау жүзеге асатын болады. Осы туралы бүгін ТМД-ның кітапханашылары бас қосқан форумда еліміздің ақпарат және мәдениет министрі Дархан Мыңбай айтты. 

"Интеллектуалдық ақпараттарды көптеп алу үшін жаңа бастамаларға бару керек. Яғни, қазақ жеріндегі кітапханалардағы қор әлдеқайда көбеюі шарт. Өзіңіз-ақ алып қараңызшы, бұл дегеніміз ұлттың электрондық миы емес пе?! Сондықтан, кітапханалардың барлығы кітапқа толып тұру үшін жақсы механизм ойластыру шарт" - деп Дархан Мыңбай хабарлады. 

Министрдің сөзіне сенсек, ауылдық жердің адамдары заманның озық технологияларымен қалай қолдануды білмейді. Тиісінше, ақпарат әлемінен кеш қалып жататын көрінеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 4110-ға жуық мемлекеттік кітапхана бар екен. Оларда төрт миллиондай адам жұмыс жасап жатыр.

Роза Бердіғалиева, Қазақстандағы кітапханашылар ассоциациясының президенті:

"Шынын айту керек, Қазақстандағы кітапханашылардың жалақысы мардымсыз. Өз кезегінде аталған жандардың еңбегі елеулі түрде бағаланбай, көп жағдайда өкініш білдіргеннен басқа амал қалмайды" - дей келе, жастардың бірде-біреуі кітапханашы болғысы келмейтінін алға тартты. Өйткені жалақысы төмен ортада кім жұмыс істесін. 

Айта кетер болсақ, Астанадағы форум ертең де жалғасын табады. Еліміздің мемлекеттік кітапханаларының директорлары мен ТМД-ның жетекші мамандары, халықаралық ұйымдардың белді мүшелері қатысатын жиында көп нәрсе талқыға түспек.

ақпарат көзі:tengrinews.kz

сурет:pm.kz, interesnienovosti.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт 

Л. Лига