Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Интернеттегі қазақ тілінің дамуы мен проблемалары

Интернеттегі қазақ тілінің дамуы мен проблемалары

Интернеттегі қазақ тілінің дамуы мен проблемалары

17 қыркүйек күні «Wikibilim» қоғамдық қоры бірнеше қазақ тілінің жанашырларының басын қосып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен семинар-тренинг өткізді.

Семинарға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сарапшылар, халықаралық және қазақстандық интернет-жобалардың жетекшілері, ғылыми орталықтар мен шығармашылық қауымдастық өкілдері қатысты. Басты тақырып интернет саласында қазақ тілді контентті дамыту, сапасын арттыру, мазмұнды ету мәселелері талқыланды.

Семинардың басты жаңалығы, Лоуренс Лессигтің «Еркін мәдениет» атты кітабының қазақша басылымы көпшіліктің назарына ұсынылды. Кітап мәдениет пен шығармашылықты еркін таратудағы авторлық құқық мәселелерін қайта қарастыруға арналған. Бұл кітап Creative Commons лицензияларының негізінде жарыққа шыққан тұңғыш кітап.

Сонымен қатар, қазақ тілді интернеттегі тағы бір жаңалық - «Қазақстанның ашық кітапханасы» (www.ikitap.kz) порталы таныстырылды. Кітапханада Creative Commons лицензияларының негізінде үлкен кітап қоры жарияланған. Кітаптарды мультимедиялық мүмкіндіктерімен онлайн оқу, сонымен қатар аудио нұсқалары мен балалар мен жасөспірімдерге арналған мультфильмдердің видеолары да жарияланған. Осыдан біраз бұрын, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Мамай Ахетов "WikiBilim" қоғамдық қорына "Алдар көсе" телесериалының DVD нұсқасын, "Балаларға базарлық" аудиокітаптар желісін, 13 сала бойынша қазақ тіліндегі іс-құжаттар терминдер кітабын сыйға тартқан болатын. Енді осы және басқа да авторлық құқығы сақталған кітаптар осы порталда жарық көрді. 

Онлайн-кітапхананың тағы бір үлкен модулі – қазақ тілінің әмбебап онлайн сөздігі. Сөздік қазақ тілінің үлкен әдеби сөздігінің негізінде жасалып, қазіргі таңда 120 мыңнан сөз бен сөз тіркесін қамтыған.

Қазақ интернетінің дамуын саралаған «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым «Болашақта елімізде орыс ұлты өзбек, ұйғырлар сияқты этностық ұлтқа айналады. Қазақ тілінің жағдайы қазіргі Шымкент өңіріндегідей халге жетеді» дегенді айтады, сонымен қатар, «Жаңа технологиялар заманында, көпшіліктің қолы мобильді интернетке кедергісіз кіре алатын жағдайда, ауыл-аймақ өңірлерінде 3G, 4G, Wi-fi құрылғыларының істен шығатынын» басты назарға алды. «Адамдардың құқықтары бірдей дейміз, неге қалалық тұрғын интернетке еш кедергісіз қол жеткізе алса, ауылдық тұрғын мұндай мүмкіндіктен кенде қалуы керек және республика бойынша мектептердің дерлігінде интернет тартылған, соны оқушылар толыққанды пайдаланып отыр ма, соны бақылау керек» деп мәселенің бір ұшын көтерді.

Қазақ контентін дамытудағы кедергілерді талқылаған «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгүл Кәпқызы «Аймақтық өңірлердегі электронды баспасөздің дамымай жатқандығын, әлі де интернетті агент деп түсінетін жастардың көптігін, спецификалық әріптерді пайдалбайтындардың әсерінен қазақ тілінің өзгеріске ұшырап жатқандығын» тілге тиек етті.

Сонымен қатар мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған «Қазконтент» компаниясы өздерінің baq.kz, kaztube.kz және жаңа әлеуметтік желі elim-ai.kz жобасымен таныстырды.

Ал «Интернеттегі қазақ тілінің мәселелерін» көтерген А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова «Елімізде шет тілін оқытуды қанша жастан бастау керек, соған лингвопсихологиялық зерттеу жүргізуді ұсынады. Қазіргі кезде оқушылар география, физика, химия және т.б. сабақтарды ағылшын тілінде оқиды. Бұл біздің ертеден қалыптасқан қазақ тілді терминдердің өшуіне ықпал етеді» деп мемлекеттік деңгейдегі мәселені айтты.

Түстен кейін басталған тренингте студенттерге арналған краудсорсинг, блогплатформаларды пайдалану мен блог жүргізу, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалануды үйретті.

Дайындаған: Анар Мұстафина

2890 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 18 қыркүйек 2012, 13:10
Пікірлер
+0
18 қыркүйек 2012, 14:02

Айтпақшы, осы семинарда Ақжеленді көрдім. Өзі танып, келіп, амандасты. :)

+0
18 қыркүйек 2012, 17:56

:)

+0
18 қыркүйек 2012, 14:22

Қазақ тілінің әмбебап онлайн сөздігі? :roll:

+0
18 қыркүйек 2012, 15:30

Дұрыс тақырыптар көтерілген сияқты, енді тек іске асса екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев