IELTS - ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан (Жалғасы)

IELTS - ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан (Жалғасы)

Басы мұнда

IELTS емтиханына дайындық

Үміткерлердің барлығына тестке арнаулы дайындықтан өтулеріне кеңес беріледі. Қажетті балды алу үшін Сізге:
Біріншіден, ағылшын тілін білу керек;
Екіншіден, IELTS құрылымымен (форматымен) танысқан жөн.
Төменде тестке дайындалу түрлерін ұсынамыз – өзіңізге ең қолайлысын таңдаңыз.

МҰҒАЛІММЕН ЖЕКЕ ДАЙЫНДЫҚ
 

СИПАТТАМА:   

* Емтиханға дайындалудың жақсы әдісі болып саналады (егер сіз, әрине, білікті де тәжірибелі мұғаліммен дайындалсаңыз.), себебі сіздің курстық бағдарламаңыз өзіңіздің қалауыңыз бен тілді білу деңгейіңізге қарап құрастырылады.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

* Уақытыңыздың үнемделуі, себебі оқытушы тек сізге арнап қалауларыңыздың барлығы ескерілетін жоспар құрады және де ол белгілі бір бағытта даму үшін әсерін тигізеді.
* Жеке ықпал ету.
* Өз қалауымен сабақ интенсивтілігін таңдау мүмкіндігі.
* Топтың ашылуын күтпейсіз.

КЕМШІЛІКТЕРІ:

* Қымбат
* Сабақ топтағыдай қызықты болмайды.
* Өзіңнің қандай деңгейде екеніңді (немесе қандай деңгейге жеткеніңді) білу қиын.

Құны:

* 45 минуттік бір сабақ орта есеппен 2500-4000 теңге тұрады (жергілікті мұғаліммен);
* 45 минуттік бір сабаққа  4500-6000 теңге (меңгеріп жатқан тіл мұғалімнің ана тілі болуы*)
* Тіл иеленушілердің бәрі білікті маман емес, сондықтан курсқа жазылмай тұрып, міндетті түрде мұғалімнен мамандығын куәландыратын құжат сұраңыз, мысалы, халықаралық сертификат, диплом: CELTA, DELTA т.б.
 

6-12 АДАМДЫҚ ТОПТА ДАЙЫНДАЛУ

СИПАТТАМА:    

* Емтиханға дайындалу уақыты жеткілікті және ағылшын тілін жоғары деңгейде игерген (Upper-Intermediate-тен жоғары) үміткерлерге ең қолайлы әдіс болып табылады.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:     

* Дайындалу процесі топтың басқа студенттерінің қатысуымен қызықты да нәтижелі өтеді.
* Мұғалімге қояр сұрақ та туындайды.
* Тәжірибемен бөлісу.
* Басқа студенттермен жұптасып, тесттің  Speaking бөліміне жаттығу мүмкіндігі.
* Курс бағасының оңтайлы болуы.   

КЕМШІЛІКТЕРІ:

* Мұғалім тек сізге көңіл бөле алмайтындықтан, дайындық курсына қатысу мерзімі ұзарады. 
* Топтың ашылуын күту керек.

Құны:

* 24 академиялық сағат (1 ай) орта есеппен 25000-35000 теңге. 

ӨЗ БЕТІМЕН ҮЙДЕ ДАЙЫНДАЛУ

СИПАТТАМА:    

*Тестке дайындалудың бұл әдісі көбінесе ағылшын деңгейі жоғары, тек тесттің форматы және құрылымымен таныспақ болған үміткерлерге ыңғайлы. Жеке дайындықтан соң өзіңіздің нәтижеңізді бағалау үшін мұғалімнен бірнеше жеке сабақ алыңыз. 

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

* Оқулықтардың ғана құны төленеді.   

* Қолайлы оқу кестесі.

КЕМШІЛІКТЕРІ:

* Тестке дайындық ұзақ уақыт алады. 
* Өз бетіңізбен дайындық жоспарын құруға тура келеді.
* Студент жоғары мотивациялы болуы тиіс.

Құны:

* Тестке дайындық оқулықтары жинағын сатып алу орта есеппен 6500-10000 теңге тұрады.

Суреттер ғаламтор беттерінен алынған

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2 мың жыл бұрын салынған мысықтың суреті табылды
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
Нұр-Сұлтанда футзалдан жаңа клуб құрылды
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
ER-BATYR. Дәрігер Киреев коронавирустың екінші толқыны мен фармкомпаниялардың лоббиі туралы айтады
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. II том, "Тарауда"