Викториналық сұрақтар #28

Викториналық сұрақтардың кезекті топтамасының көмегімен біліміңізді сынап көріңіз. 

// =10 && g=15 && g=25 && g 1.  "Өкініш", "Шілтерлі терезе" күйлерінің авторы кім?
A) Қазанғап
B) Дина
C) Дәулеткерек
D) Құрманғазы
E) Махамбет


2. Ежелгі Грек мифологиясында Горгона Медузаның басын алған кім?
А) Посейдон
В) Әпкесі Эвриала
С) Афина
D) Персей
Е) Екінші әпкесі Сфено


3. Кішкентайында мыстан кемпір дуалаған ғалым
А) Исаак Ньютон
В) Ибн Сина
С) Блез Паскаль
D) Георк Симон Ом
Е) Леонардо да Винчи


4. Латын тілінен аударғанда "теңестіргіш" деген мағынаны білдіретін термин
А) ось
В) масштаб
С) сызғыш
D) глобус
Е) экватор


5. Ай дискісінің теріс жағына қарайтын құрлық
А) Азия
В) Еуропа
С) Аустралия
D) Африка
Е) Оңтүстік Америка


6. "Ғашықтың бір күні ғасырға татиды" дәйексөзінің авторы кім?
А) Қадыр Мырза Әли
В) Уильям Шекспир
С) Николас Спаркс
D) Әзілхан Нұршайықов
Е) Макс Фрайд


7. "Мона Лиза" әңгімесінің авторы
А) Леонардо да Винчи 
В) Пикассо
С) Винсент Ван Гог
D) Уильям Шекспир
Е) Рақымжан Отарбаев


8. 26 рет Оскар сыйлығымен тұлға кім?
А) Чарли Чаплин
В) Вуди Ален
С) Уолтер Дисней
D) Том Хэнкс
Е)  Седрик Гиббонс


9. Қасы жоқ туынды қалай аталады?
А) В. Серов "Қыз бен шабдалы"
В) Л. да Винчи "Джоконда"
С) В. Ван Гог "Автопортрет"
D) Л. да Винчи "Мадонна Литта"
Е) З. Серебрякова "Автопортрет"


10. Эйнштейн суретке не үшін тілін шығарып түскен?
А) "Ашулы ғалым" деген қағиданы бұзу үшін
В) Психологиялық күйзелістен ауырғаны үшін
С) Туған күнінде қатты қуанып түсе салған
D) Жаңа теориясын зерттеу үшін
Е) Мұның жауабы жұмбақ


11. 16 қазан қандай күн?
А) Халықаралық су күні
В) Халықаралық сарғайған жапырақтар күні
С) Халықаралық география күні
D) Халықаралық материктер күні
Е) Халықаралық ботқа күні


12. Әлем әдебиетіндегі рыцарьлық идеалА) Робин Гуд
В) Ромео
С) Дон Кихот
D) Артур
Е) А. Македонский


13. Халықаралық қар және мұз кеңесінің бекітуінде қардың қанша түрі бар?А) сегіз
В) төрт
С) бес
D) алты
Е) жеті


14. Пингвиндер не үшін ұша алмайды?
А) Олар бұрыннан ұша алмайды
В) Мұз дәуірінде мұздың еруі олардың физиологиясына қатты әсер еткен
С) Қорегі балық болғандықтан, үнемі су астында жүзген, содан ұшу қабілетінен айрылған
D) Дене бітімі ұшуға жарамағандықтан ұша алмайды
Е) Әлі де белгісіз


15. Басын 360 градусқа бұра алатын жәндікА) Қоңыз
В) Инелік
С) Шегіртке
D) Дәуіт
Е) Көбелек


16. Қаны ақ түсті жәндік
А) Көбелек
В) Инелік
С) Шегіртке
D) Маса
Е) Шыбын


17. "Мафия" ойынының тууына себеп болған не?
А) Фильм
В) Қоғам
С) Саясат
D) Білім
Е) Өнер


18. Мигель де Сервантестің түрмеде бастаған шығармасы
А) "Галатея"
В) "Қызғаншақ шал"
С) "Дон Кихот"
D) "Корнелия"
Е) "Ринконете мен Кортадильо"


19. Библиоклептоман деген кім?
А) Кітаптан қорқатын адам
В) Кітап өртейтін адам
С) Кітап жыртатын адам
D) Кітап ұрлайтын адам
Е) "Кітап құртының" ғылыми атауы


20. Ежелгі Грекияда "әулие балық" атанған балық түрі
А) Акула
В) Теңіз жылқысы
С) Кит
D) Дельфин
Е) Косатка


Жауаптарды тазарту

 

Бөлісу: