Викториналық сұрақтар #26

Викториналық сұрақтар #26
Фото: gotolostroom.com

Біз ұсынған қызықты сұрақтарға жауап іздеп, зияткерлік біліміңізді толықтырыңыз.

1. Қазан хандығын билеген ханым
A) Ақбике
B) Назым
C) Дарабоз
D) Ақтолыс
E) Сүйімбике


2. Гадрозавр динозаврдың қандай түрі?
А) Қанатты динозавр
В) Тісі өткір динозавр
С) Қолы қысқа динозавр
D) Үйректұмсықты динозавр
Е) Мүйізді динозавр


3.  Суккулент деген не?
А) Алоэнің бір түрі
В) Қол саусақтарының биологиядағы ғылыми атауы
С) Сабақтары жуан, жапырағында мол су қоры бар өсімдіктер тобы
D) Ұзақ өмір сүретін жануарлар тобы
Е) Кавказ тауларында өсетін темір ағаштың биологиялық атауы


4. АҚШ-тың 26-президенті кім?
А) Уильям  Тафт
В) Авраам Линкольн
С) Джордж Вашингтон
D) Джеймс Монро
Е) Теодор Рузвельт


5. Мысырдағы ең ұзын өзенді белгілеңіз.
А) Енисей
В) Каноп
С) Ніл
D) Евфрит
Е) Трисули


6. "Гамлет" пьесасының оқиға барысы қай қамалда орын алады?
А) Эльсинур
В) Брандербург
С) Боруссия
D) Блуа
Е) Нойшванштайн


7. Тынық мұхитындағы Масатлан қаласы қай мемлекеттің құрамына кіреді?
А) Колумбия
В) Чили
С) Франция
D) Эквадор
Е) Мексика


8. Қытай халқы данышпан Конфуцийдің туған күнін неше рет тойлайды?
А) ешқашан
В) 1
С) 2
D) 3
Е) 4


9. Альбом неге бұлай аталған?
А) Латын тілінде сурет деген мағынаны білдіретіндіктен осылай атаған
В) Көне Римде ақ тақтаны осылай атаған
С) Ағылшын тілінде қылқалам деген мағынаны білдіретіндіктен осылай атаған
D) Ежелгі Грекияда суретшіні осылай атаған 
Е) Грек тілінде естелік деген мағына білдіретіндіктен


10. Ең алғашқы балабақша қайда ашылған?
А) Шотландия
В) Ежелгі Рим
С) Швейцария
D) Швеция
Е) Ежелгі Ассирия


11. АҚШ-тың Денвер қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?
А) Колорадо
В) Миссури
С) Майами
D) Колумбия
Е) Саутт-Плат


12. Ең алғашқы фломастер қай жерде пайда болған?
А) АҚШ
В) Қытай
С) Ресей
D) Ежелгі Мысыр
Е) Ұлыбритания


12. Алғашқы газет қашан жарық көрді?
А) XIX
В) XVIII
С) XVII
D) XVI
Е) XX


14. Квинсленд Университеті қай елде орналасқан?
А) Франция
В) Аустрия
С) Аустралия
D) АҚШ
Е) Канада


15. Антананариву қай елдің астанасы ?
А) Мавритания
В) Нигерия
С) Сенегал
D) Мадагаскар
Е) Марокко


16. Джульеттаның мүсіні қай қалада орнатылған?
А) Барселона
В) Севилья
С) Верона
D) Сарагоса
Е) Малага


17. Ең алғашқы метро жолы қайда ашылған?
А) Лондон
В) Сеул
С) Афина
D) Глазго
Е) Будапешт


18. Көне Рим күнтізбесі бойынша бастапқыда бір жылда қанша ай болған?
А) 12
В) 8
С) 10
D) 14
Е) 13


19. Олимпиада ойындарының символы қашан бекітілген?
А) 1911
В) 1976
С) 1980
D) 1913 
Е) 1900


20. Пломбир балмұздағы алғаш рет қай елде дайындалған?
А) Нидерланд
В) Швеция
С) Жапония
D) Франция
Е) Шотландия


Жауаптарды тазарту
Г. Берік