Ағылшын тіліндегі жастар сленгі

Ағылшын тіліндегі жастар сленгі
Фото: massaget.kz

Жастар сленгі, заманның талабы ма екен, барлық тілде кездеседі. Сленг қатарына енетін сөздер бастапқы тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында жүреді. Кейбірі бейнелеу сөз ретінде қолданылып, заттанып кетеді. Мысалы ағылшын тілінде шөженің қорқақ қасиетін қорқақ адамға теліп, ол адамды шөже "сhicken" деп атайды екен. Ал қазақ тілінде көбіне қоянға теңеп жатады. Сонымен, ағылшын тілінде тағы қанлай сленгтер бар екен?

Cracksman, crook – ұры;
Chicken – қорқақ;
Come what may – болғаны – болар;
Easy come, easy go – оңай келіп, оңай кетті;
Idiot box – теледидар;
In the shit / in the soup – басы дауға қалды;
Jailbait – жас бала;
Kick up a quarrel – шу шығару;
Kiss ass – жалбақтау;
Knockout – әдемі қыз;
Know it all – білгіш;
Lemon – түкке қажеті жоқ зат;
Let Down – жарға жығу;
Loudmouth – мылжың;
Make a hit – табысқа жету;
Money to burn – ақшасы көп;
Monkey business – лас іс;
Move your ass – тезірек қозғал;
Pal – серік;
Pick Someone up – тұтқындау;
Picnic – күш қажет етпейтін іс;
Pie in the Sky – орындалмайтын арман;
Plastic – кредит картасы;
Scam – алаяқтық;
See the Light/the Point – түсіну;
So long – сау бол, көріскенше;

Г. Берік