Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Мұхтар Әуезов шығармаларындағы синонимдік қатарлар

Мұхтар Әуезов шығармаларындағы синонимдік қатарлар

Мұхтар Әуезов шығармаларындағы синонимдік қатарлар

Мұхтар Әуезов – қабаттасқан синонимдерді қолдану шебері. Әсерлі, көркем бояулы құрал ретінде жұмсауды жүйеге айналдырған жазушы. Ол 20 жылдары жазған шығармаларынан-ақ бұл тәсілді жүйелі түрде көріктеуіш құралы ретінде пайдаланғанын көреміз.   

Мұхтар Әуезов синонимдерді қосарлап, қабаттап, қос сөзге айналдырып жібереді. Мысалы,  «Мұңлы  кемпірдің шер-уайыммен сарғайған жүзі» (Оқыған азамат). «Өзен кейде тура ағып, кейде иіріліп, бұраң-шимай жасайды» (Қыр суреттері).  «Бірен-сараны болмаса, үлгі болатын үлкен рольдердің барлығы  – пьесаларының негізгі арқауы болған рольдер. Сондықтан әрқайсысын ойнағанда  Елубай сол кейіпкерлерінің дәуірін, дәуіріне лайық мінез-қылықтарын, әдет-салтын беретіндей болу керек». Жазушының 20-жылдардағы шығармаларындағы қорлық-мазақ, ауыл-аудан, әбігер-машақат, тыным-тыныштық, жалқау-лодырь (Білекке білек) айқай-дабыр сияқты қолданыстары  көбіне бір қолданар тұлғалар. 20-жылдары бұл  тәсіл жазушы шығармаларында шет жағалап көрінеді де, әрі қарайғы шығармаларында жүйелі көрініс тапты.  «Абай жолында» мейір-шапқат, дау-дүдамал, құбылу-қыбылжу, мәз-мереке, бақас-тақас сияқты қолданыстар бар. Оларды авторлық орфограммалық немесе графикалық қос сөздер деп танимыз (Р.Сыздық).

Жазушы-ғалым М. Әуезов синоним сөздерді жарыстыра қолдану арқылы  айтпақ ойын дәлдей, нақтылай түсуді мақсат етеді. Мысалы, «Совет үкіметінің заңынша оқу жұмысы қаншалық бағалы, қадірлі екенін іске араласқан кісінің бәрі біледі.  Бұл жолдағы кеңшілік, дүние аямайтын молшылық, барын бермек болып отырған мырзалық қай жұртқа  болса да  жеткілікті» . Осындай синоним сөздердің  бірін не екеуін түсіріп тастаған жағдайда  ой жұтаңдап қалады. Сондықтан да көркем шығармалардағы сияқты, М.Әуезовтің қалың көпшілікке арналған мақалалары мен ғылыми-зерттеу бағытындағы еңбектерінде синонимдер барынша мол ұшырасады.

М.Әуезов синонимдерді тек сөзді көбейту үшін емес, зор талғаммен, жауапкершілікпен қолданғанын байқаймыз.

«Бұрынғы еңбектерінің барлығы Қазақстан жұртшылығына үлкен сенім білдіріп, қадірлі болған Сәтбаев осы Академияның ең қалаулы, ең таңдаулы басшысы болып отыр».  Бұл жерде таңдаулы мен  қалаулы сөздері бірінің орнына бірі жүре беретіндіктен біреуін қолданса да болмаспа еді деген сұрақ туындайды.  Әйтсе де екі сөздің арасындағы сәл ғана мағыналық айырмашылықты автор орынды ескеріп, ұтымды қолдана білген.

Синонимдерді ең кемінде екеуін, кейде  үшеу-төртеуін бір сөйлемде қатар қолданудың стильдік мәні бар.

Жазушы бір нәрсеге, әсіресе, сын-қимылға екпін түсіргісі келсе бір мағыналас, мағыналары  осы контекстке жақындасатын сөздерді қатарластыра жұмсайды.  Мысалы, Абайда «түзу кел, қисық, қыңыр, қырын келмей» деген жолдарда  түзу сынына  баса назар аудару үшін, оның қарам-ақрсы мағынадағы үш синонимін қатар қолдану өте орынды.

Жазушы М. Әуезов болса табиғат суреттерін, адамның ішкі  сезім күйін, әрекет-қимылын көрсеткен тұстарда қолданады. Мысалы: "Ғазизаның ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи шытынаған, кірбіңдеген  қабағында қалың уайымның салған ізі бар" (Қорғансыздың күні).

Ішкі жан күйзелісін  шытынаған, кірбіңдеп тұрған күйде көрінетіндігі ішкі жан күйзелісін әсерлі баяндап тұр. Сондықтан ол мұңды, жүдеу. Соңғы мысалдағы лексикалық синонимдер емес, контекстік, стильдік  синонимдер.

М. Әуезов шығармаларында екі сөзден тұратын синонимдер өте көп қолданылған: айтыс-талас, мұқтаждық-жоқшылық, жекешіл-дарашыл, қорлық-масқара, ұйымдастырушылық-басшылық, тұсау-кедергі, таратушы-уағыздаушы, сотқар-бұзар, адамгершілік-кісілік, әділетсіздік-қиянат, зорлық-үстемдік, араздық-өштік, қайыршылқ-сорлылық, кейіс-реніш, мүдде-мақсат, өшпенділік-қастандық, ұғым-түсінік, ой-толғаныс, наразылық-қарсылық, туысқандық-жақындық, мін-кемшілік, жәрдем-көмек, саз-нақыш.

Үш сөзден тұратын синонимдік қатар да кездеседі: қараңғылық-надандық-түсінбегендік, емеуірін-нобай-тұспал, өзгешелік-ірілік-классиктік, ыза-реніш-мұң, келбет-шырай-көрік, жігіт-ер-азамат, қадір-бедел-абырой т.с.с.

Төрт сөзден құралған синонимдер де қисынмен жұмсалып тұр: имам-сопы-молда-ишан, манасшы-дастаншы-жомықшы-ыршы, мазақ-әжуа-мысқыл-қалжың.

Бес сөзден құралған синонимдер: әкім-төре-сұлтан-болыс-би. Образдылық-ырғақтық-үндестік-шумақтық ұқсастық.

Көптеген сыншы-жазушылардың еңбектеріне 5 синонимдік қатарды көре бермейміз. Әуезов мұның өзін шебер пайдалана білген.  Мұндай синонимдік қатардан контекстік те жүйелі синонимдерді де кездестіреміз. Синонимдердің осы екі түрінің бірін ғана қолдануды талап ету әрине дұрыс емес. Синонимдердің  бұл екі түрінің аралас-құралас қолданылуы тіл байлығына еш нұқсан келтіріп отырған жоқ.  Қайта мол пайда береді.  Жазушының сөз қолдануын  ой елегімізден өткізер болсақ контекстік синонимдерді саналы түрде қолданып отырған.

Мысалы: «Бұған себеп: қазақтың надандығы,өзге жұрттан төмендігі, саяси пікірінің оянбағандығы, жалпы тарихи халінің нашарлығы. Осы себептен қазақ оқығандары социальный революцияны мақсұт қылса да, қазақтың қараңғыда жатқан қалың елінің бір тілегі соңынан қалмайды. Ол тілегі: елді мәдениетке жеткізіп, ағарту, өнер-білім таратып, құралдандыру, дүниенің халін көруге  көзін ашу, шаруасы түрлеп, ішінен жетілті».

Мысалдан байқағанымыздай синонимдік қатардағы бірнеше сөз тура мағынаысн сақтайды, сол тура мағыналарын сақтап тұрған жеке не бірнеше сөзбен  синонимдік қатарда тұрған басқа сөз өз мағынасын контекстегі ойға орай сәл өзгертіп,олармен мағыналас келіп отырады.

Әрекеттің сапасын, адам мінезін, қылығын оқырманға арнайы ұыну қажет болғанда, синоним сөздердің саны молая түседі: мсыалы, «Абай сондағы мансапқор, күншіл, шағымқой, арам адамдардың қалың ортасында отырып, бәрін де көзге шұқып отырғандай қып, бір үлкен терең сөз сөз тастайды». «Бұл әншейіндегі қозғалысы жоқ, отырысы көп, салмағы ауыр, сылбыр, еріншек, кең қолтық, балпан қазақты сахнада жан беріп тірілтіп,  жылпың қылып жібере алады». Әңгіме жазушының бір сөйлем ішінде жасаған шеберлігі туралы блып отыр.

Әуезовтің сыни еңбектерінен синоним қолдану ерекшелігін байқауға болады. Жазушы экспрессивті-эмоциональдық  мәні бар сөздерден жасалған синонимдерді емін-еркін пайдаланады.

«Қалқаман тым момын ақын тәрізді. Ізденудің оты, ұшқыны, серпіні жеткілікті емес». «Ханшыл, төрешіл, байшыл, діншіл, құдайшыл, молдашыл ертегілердің де түрлері көп».

Енді бірде синонимдік қатардағы сөздер мағыналық жағынан бірте-бірте үдеп, үстемеленіп,  градациялық тәсілмен өрбіп отырады:

«...поэзияның  жиын табыстарын алғанда, біздің тарихтық мақтанымыз дейміз. Себебі ол барлық творчестволық  ой мәдениетіміздің ішіндегі ең күрескері, ең сергек сезімталы, ең қырағы көрегені, сапалы революцияшылы, өзі және мол жемісті өркендеген өнеріміз».

Фото: zhasorken.kz
Қосылған күні: 03 мамыр 2016, 16:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.