Мұхтар Әуезовтың қанша ұрпағы бар?

Мұхтар Әуезовтың қанша ұрпағы бар?

Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезов бақытты да, қиын тағдырды бастан кешті. Тұрмыс жағынан оның соңғы төрт жылы, 1957 жылдан бастап Кеңес Одағының әдебиет саласындағы жоғары марапатын иеленген соң ғана өмірі тыныштық пен құрметке бөленді. Ал бұған дейін Мұхтар Әуезов бірнеше рет саяси қуғын-сүргінге ұшырап, үш жылын түрмеде өткізген. Бірақ ол ерекше жазушы ретінде, өзін көрсете алды. Ол халықтың сүйіктісі, Әлем әдебиетінде мойындалған жазушы.

Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбаевтың отбасы ежелден тығыз араласқан. Мұхтардың атасы Әуез Абайдың діни ұстазы болған. Ол одан он бес жасқа үлкен болғанына қарамастан Абайдың әкесі Құнанбай баласына ислам негіздерін, ислам мәдениетін сіңдіру үшін екеуінің достығын нығайтуға атсалысты. Құнанбайдың өзі Әуездің әпкесі Нұрғанымға үйленген. Абай Мұхтар туылғанда шілдеханасына келген деген де естеліктер бар.

Мұхтар Әуезов өмірінде төрт рет үйленген. 1917 жылы атастыру салты бойынша ол 15 жастағы Райхан есімді бойжеткенге үйленеді. 1918 жылы Мұғамиля есімді қыздары дүниеге келеді. 90 жыл өмір сүрген Мұғамиля апа көзі тірісінде өзін «Еңлік-Кебектің» замандасымын деп айтады екен. Ал бір жылдан кейін ерте қайтыс болып кеткен Шоқан есімді баласы туылады.

Өкінішке орай, Мұхтар Әуезов Райханмен көп тұрмайды. 1920 жылы екі жас ажырасып, ол сүйікті қызын өзімен бірге алып кетеді. Кейін Мұхтар Абайдың ұлы Тұрағұлмен жақын достасып, оның қызына, яғни Абайдың немересі Кәмилаға үйленеді. Бірақ бұл некесі де ұзаққа созылмайды.

1923 жылы Мұхтар Әуезов Ленинград мемлекеттік университетіне филология факультетіне оқуға түседі. Дәл осында ол болашақ әйелі Валентина Николаевна Кузьминамен (кейін Әуезова) танысады. Екі жас оқу бітірген соң Ташкентке қоныс аударып, ол мұнда Ортаазиялық университеттің аспирантурасына түседі. Осылайша бұл некеден 1929 жылы Лейла есімді қызы, ал 1935 жылы Ернар есімді ұлы дүниеге келеді.

1937-38 репрессия жылдарынан кейін Мұхтар Әуезов Фатима Ғабитовамен бас қосады. Фатима Ғабитова Мұхтарға Мұрат есімді ұл сыйлайды.

Өкінішке орай, Мұхтар Әуезовтың балаларының ішінде қазір Мұрат Әуезовтың ғана көзі тірі. Мұхтардың үлкен ұлы Ернар Әуезов биология саласында үлкен жетістіктерге жеткен ғалым. Ол бүкіл ғұмырын Қазақстан табиғатын қорғау жөніндегі жұмыстарға арнаған, Алакөлді зерттеген. Ол сонымен қатар әкесінің жазушылық қасиетін бойына сіңіріп, Алакөлде табылған реликтілік шағала жайлы жоғары көркемдік эссе жазған. Реликтілік шағаланы зерттеу арқылы ол әлемнің ғалымдарын осы мәселеге назар аударуға мәжбүрлеген.

Ал Мұхтар Әуезовтың қызы Лейла тарих ғылымдарының докторы, ғалым болған. Ол Шоқан Уәлихановтың еңбектерін топтастырып, Жетісу доңғандары мен ұйғырларының егін шаруашылығын зерттеген адам. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовтың естеліктерін, шығармаларын толық жинақтап, мемориалды мұражайын ашып, оның дамуына көп еңбек сіңірген. Айта кететіні, Лейла Әуезова Дінмұхаммед Қонаевтың інісі Асқар Қонаевқа тұрмысқа шыққан. Бүгін Лейла Әуезованың туған күні екенін де атап өту керек.

Лейла Әуезова сол жағынан екінші

Ал Мұрат Әуезов – мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде қалыптасты. Ол да Мұхтар, Ернар Әуезовтардың мұраларын насихаттау мен қайта басылып шығу жолында көп еңбек сіңірген. Мұхтар Әуезовтың балалары мен немерелері де ғылым жолын қуып, тіл зерттеу, қазақ мұраларын зерттеумен айналысады.

Сурет: anatili.kz, voxpopuli.kz, bibliotekar.kz

Автор: Анар Мұстафина

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Әлемдегі дамыған қалалар. Алматы қай орында?
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Күн ыстықта кофе ішудің зияны
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Коронавирусты адамның дауысына қарап анықтамақ
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Балалардың еркелігі мен қыңырлығы. i-balaqai жобасында Елена Бурьевая
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады
Қазақстан egov дамуының әлемдік рейтингінде 10 саты жоғарылады