Жапонның логикалық жұмбағын шешіп көріңіз

Жапонның логикалық жұмбағын шешіп көріңіз
Фото: www.huffingtonpost.com

Бұл логикалық тапсырма әдетте басқарушы (менеджер) мамандығына үміткер мамандарға қойылады. Жапонияда жұмыс берушілер маманның логикасына аса мән береді. Сонымен бұл тапсырманы сіз де шешіп көріңіз.

Өзен жағасында бірнеше адам (екі 16 жасар қызы бар әйел, екі 16 жасар ұлы бар ер, шериф және қылмыскер) тұр. Олар өзеннің арғы бетіне өтуі керек. Ал жағада тұрған салға тек екі адамнан мінуге болады. Және ол басқарусыз өзі жүзбейді.

Одан бөлек, тапсырманы орындау барысында ескеруге тиіс бірнеше талап бар. Олар:

• Балалар (біреу немесе екеулеп) салды басқара алмайды. Сондықтан үлкендердің көмегінсіз өзеннің арғы бетіне өте алмайды. Олар өткісі келсе де, ата-анасы рұқсат бермейді.

• Шериф қылмыскерді қарапайым халықпен қалдыра алмайды. Себебі ол адамдардың кепілдікке алып, зақым келтіруі мүмкін.

• Әйел қыздарын белгісіз адамдармен қалдырғысы келмейді. Ер адамның ұлдарымен де жеке қалуға қала алмайды. Ал бірақ өзімен қалуға қарсылығы жоқ.

Ендеше тапсырма жауабының алгоритмін тауып көріңіз.

Ж. Өрісбай