Робинзон Крузо кімнің прототипі болған?

Робинзон Крузо кімнің прототипі болған?
Фото: zserials.ru

1709 жылдың ақпан айында ағылшынның «Дюк» деп аталған кемесі адам аяғы баспаған Мас-а-Тьерра аралына тоқтайды. Кеме экипажы аралда түтінді байқайды. Кеме капитаны оттың себебін анықтау үшін бірнеше матросты жібереді. Көп өтпей олар жануар терісін жамылған адаммен қайтып оралады. Аралдың белгісіз тұрғыны Александр Селькирк есімді британдық боцман еді. Ол аралда 4 жыл 4 ай жалғыз өмір сүрген екен.

Дәл осы Селькирк танымал жазушы Даниель Дефоның "Робинзон Крузо" романының жазылуына себеп болған.

Александр Селькирк «Сэнк Пор» деп аталған қарақшылар кемесінде боцман қызметін атқарған екен. 1704 жылы кеме су толтыру мақсатында Мас-а-Тьерра аралына тоқтайды. Осында Селькирк кемені шұғыл жөндеу керек екенін айтады. Ал кеме капитаны Уильям Дампир бұған келіспей кетуді бұйырады. Арада келіспеушілік болып, ашуға мінген капитан боцманын осы аралда қалдырып кеткен екен.

Александр аралда ұзаққа қалмайтынына сенімді болған. Себебі, көптеген кемелер осы аралдан ішетін су алады екен. Дегенмен Мас-а-Тьерра аралына 52 ай бойы ешбір ағылшын кемесі келмей қояды. Десе де, испан кемелері бірнеше рет келген екен. Бірақ испан-ағылшын соғысы кезінде Александр испандардың тұтқынына айналғысы келмеген.

Ол Англияға оралғаннан кейін нағыз қаһарманға айналады. Қарақшылықты жалғастырады. 1721 жылы 45 жасында өмірден озып, қарақшылар дәстүрімен суда "жерленеді".

Аралдағы Александр Селькирк мүсіні

Чилиден 650 шақырым батыста орналасқан Мас-а-Тьерра 1966 жылы Робинзон Крузо аралы деп өзгертіледі. Чили үкіметі аралға нағыз қаһарманның атын бермей, романдағы кейіпкердің атын қоюды жөн көреді. Ал Александр Селькирк атын Робинзон Крузодан 160 шақырым жердегі аралға береді.

Ж. Өрісбай