Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін фильмдер

Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін фильмдер

Ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастырудың маңызы өте зор. Оның бірнеше жолы бар екені белгілі. Біреулер арнайы репититорларға барса, тағы біреулер өз бетімен дайындалып жүреді. Біз бүгін сіздерге ағылшын тілін үйренудің ең ыңғайлы жолын ұсынамыз. Ол үшін мына фильмдерге назар аударыңыздар.

1. Форрест Гамп

Бұл фильмде Том Хэнкс жай және мұқият сөйлейді. Тіпті жаңадан үйреніп жүрген адамдарға да түсінікті. Сонымен қатар фильмді бөліктерге бөліп қарауға болады. 

2. Төмен деңгейдегі қылмыс

Бұл фильм сөздерді ерекше түрлендіріп сөйлейтін қарақшылар туралы. Фильмді аудармамен қарағандар, Тарантиннің тамаша жұмысымен таныс болып, ағылшын тілін үйренуге толық мүмкіндік алады.

3. Көлдегі үй

Фильм ағылшын тілінде сезімін білдіргісі келетін жандарға тамаша туынды. Себебі бұл фильм ағылшын тілімен жазылған романтикалық хаттардан құралған. Шынайы махаббат хикаясы фильмді қарау барысында керемет әсер қалдырады.

4. Әдемі мен әзірейіл

Тіл деңгейлері орташадан төмен немесе балаларға арналған Дисней мультфильмінің түсінікті сөздері мен айтылуы ағылшын тілін қалыптастыруға толық мүмкіндік береді. 

5. Кофе мен темекі

Бұл әйгілі фильм жаппай әңгімеден құралған. Егер ағылшын тілін жоғары деңгейге көтеріп, интеллектуалды тақырыптарда әңгіме-дүкен құрғыңыз келсе, Джармуштың фильмі көп көмегін тигізеді. Оны бөліп-бөліп қарауға да болады. Өйткені ол толық қысқаметражды фильмдерден құралған.

6. Джерри Магуайер

Ағылшын тілінде сөйлеуге және ойлауға ұмтылу керек. Бұл фильмнің басты қаһарманы сізге өз ойыңызды анық жеткізуге, жүзеге асыруға көмектеседі. Үлкен өмірге қадам басқанда да септігін тигізеді.

7. Дәрігер Хаус

Дәрігер Хаус туралы фильм медициналық лексикаға бай және ерекше әзіл-сықаққа толы. Сериалды көріп болғаннан кейін, ағылшын тілінде әзілдей де аласыз. 

8. Темір ханым

Бұл фильм британдық ағылшын тілінде болғасын өте түсінікті. Академиялық сөйлеу жаңадан бастағандарға да ұғынықты. Ал Мэрил Стрип ағылшын арулары өздерін қалай ұстайтынын көрсетеді. 

9. Бриджит Джонс күнделігі

Ағылшын тілін үйренуге тамаша фильмдердің бірі - Бриджит Джонс күнделігі. Өз өмірін өзгерткісі келген 32 жасар әйелдің тарихы қатты қызықтырады, ал Рене Зеллвегердің орындауы өте керемет.

10. Шрек

Әр түрлі әуендері бар көңілді мультфильм балаларға да, ересектерге де ерекше туынды. Өйткені әртістердің дикциясы айқын. Мультфильм ерекше әсер қалдырады. 

Оқи отырыңыз:

Төреғали Төрәлі өнерге қалай келгенін айтты

«Жұлдыздар шайқасы» фильмі қазақ тілінде дыбысталады

«Астана Опера» театрында меццо-сопрано ханшайымына арналған концерт өтеді

"Жабайы оқиғалар" фильмі жайлы бірер сөз

Сурет: filmz.ru, vev.ru, torrentfilms.net, booknik.ru, kinohod.ru, viewy.ru, espicture.ru, hdw.eweb4.com

Ж. Исакаев