Ақша жоғалтқан ақымақ кездер-ай!

Ақша жоғалтқан ақымақ кездер-ай!

Біздердің әрқайсымыз өмірде бір нәрсемізді жоғалтып көрдік: көшеде, транспортта, жұмысқа бара жатқан жолда... Үлкен қомақты қаржының жоғалуы әрқашан қынжылтары анық. Көбіне өзіміздің салғырттығымыз жоғалуға мұрындық болып жатса, ара-тұра ақымақтық та орын алып тұрады...

Ендеше, ақша жоғалтудың ең бір ақымақ кездері:

Пойызбен Нидерландыға кетіп бара жатқан неміс саяхаттың алғашқы сағаттарында-ақ ақшасынан қағылып қалады. Ол оларды (ақшаны айтып отыр) унитаз ішіне... жіберіп алған - азды-көпті 11 мың еуро! Әжетхана ішінде бақытсыздық салдарынан ақшасы суға ағып кеткен болып отыр. Содан не керек, ол бұл жағдайда кондукторға айтып жеткізеді. Әлгі де өз кезегін де басын шайқаған болар. Не керек, әлгі кеткен ақшаның 4 мыңын ақыры қолға түсіреді.

Пакистанның бір тұрғыны үйінде отырып 33  мың рупийінен (шамамен 500 доллар) айырылып қалған. Бұл қалай болды дейсіз ғой, ол өзінің барлық жиған-терген ақшасын жазу үстелінің суырмасында сақтап келген және бір жолы ашып көргенде, ішінен тек құнды қағаздардың ұсақ қалдықтарын ұшыратады - тышқандар кеміріп тастапты. Пакистандық өмір бойы тышқан атаулыдан кек алып өтем десе керек. 

Аустрияның оңтүстік-батысында Виллая қалашығында (Карантия провинциясы) тышқан дүкенді тонапты. Дәл солай. Тонау сәті дүкен иесі кассадан 50 еуро жоғалған соң орнатқан бейнетаспаға түсіп қалған. Бейнетаспа түсіріп алғандай, тышқан банкноттарды өз інін жылытуға пайдланып қалғысы келгенге ұқсайды - оларды тасып алуға тырысқан екен. 

Беларусияның бір дүкендерінің бірінде қызықты оқиға орын алған. Орнықты киінген орта жастағы бір ер адам сыра бөтелкесін төлеуге кезекте тұрған. Касса алдына келгенде, қалтасынан ақшасын суыра бастапты. Бірақ, банкноттар тіптен жақсы жуулы болғандықтан (кір машинасы), олардың құнын айыру қиынға соғыпты. 

Норвегияның тұрғыны жүрілген көлікті сатып алып, тіптен, еш сыйлықты күтпестен, сонымен сегіз жыл жүріп тұрған. Бірде ол көлігінің бардачогына қарайлаймын деп, ішінен... қомақты қаржы сақталған әмиянды тауып алады. 

Анықталғандай, сегіз жыл бұрын көліктің бұрынғы иесі ұсақ заттарға арналған бөлік ішіне ақшасын салып, жоғалтып алады: әмиян ойламаған түрде бөліктің жоғары жағына тығылып қалып, осынша жыл сақталып келген.

Иесіне қаржы қайтарылыпты.

Бір құнттай үй иесі өз үйіне ақша сақтайтын жасырын орын (тайник) орнатады. Ертеңгісін ол өз алтындарын таққысы келген,  бірақ... ақша ұшты-күйлі жоқ. Әйел баласы бүкіл үйді ақтарып шығып, сол күйі ақшаны таба алмайды. Сосын полиция шақыртып, тонау тұрғысында арыз-шағым түсіреді. 

Іс барысы толық іздеумен, бүкіл достарды тізумен жүріп жатар ма еді, әйел ақшаларды өз үйінің шкафынан тауып алмағанда. Ол өзінің қалай қайта тыққанын естен шығарып алған.

Пекиннің бір кемпірі таңғы асына қомақты қаржының бір орамын қуырыпты. 20 мыңнан аса юанды шағын толқынды пештің ішіне тығып қойғанын ұмытып кеткен екен (2400 доллар). Пеш өз жұмысына кіріскен уақытта ақшалар өртенеді.

600 доллары ғана сақталып қалыпты.  

Одессада қираған үйдің арасынан байлық табылады - 1917 жылдың үлгісіндегі ақша. Көп купюр жабысып қалғандықтан, байлықтың нақты есебін анықтау мүмкін болмаған. 

* * *

Ақша жоғалтатын кездеріңіз болып тұра ма? Бөлісе отырыңыз.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: cbaofga.com

Л. Лига