Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Мүшел жас

Мүшел жас

Халық даналығында мүшел жас деген ұғым бар. Бұл ұғым  түркі тілдес халықтар мен Орта Азия халықтарының көпшілігінде кедеседі. Әр мүшелден өткен сайын адам баласы есейіп,  бүкіл бір елді басқара алатындай шамада болған соң, оған келер қауіп те көбейсе керек. Өйткені, мүшел жастың да өз алдына қауіптері бар. Ендеше, мүшел жасты былай жіктеуге болады.

13 жас – ер жете бастау;

25 жас – жігіттік шақтың нақ өзі;

37 жас – ақырын басып, анық жүріп, ақыл тоқтатқан кезең;

49 жас – орта жас ;

61 жас – өз балаңнан тәтті болатын немере сүю;

73 жас – қарттықтың басы болар;

85 жас – кәріліктің келгені;

97 жас – қалжырап, ештеңеге жараусыз қалғаның;

109 жас – шөпшек сүю;

121-ге жетсең, онда неменеңде қасында дей бер. Астрономия ғылымының айтуы бойынша, әрбір 12 жылда Юпитер өзінің орбитасын бір рет айналып шығады екен. Сонда адамның мүшел жасы да әрбір он екі жыл сайын кіріп отырады. Мұнда да бір байланыстың бары анық. Бір жылда 12 ай бар. Бұрындары осы мүшелден өткендер той жасап жататын. Ырым ретінде мүшелден шыққан соң өзінің ең ұнамды дейтін киімін жоқ-жітікке, иә болмаса ағайын-туыстың біріне сыйға береді.

Әр адамның өз пешенесі жазылғанын білсек, онда адам баласы үшін 37 жас ең қауіпті мүшел жас болып саналады. Себеп те бар?! Нағыз кемелденген кезеңде сырт көздің сұғы дегендей, адам баласы от пен жалынның ортасында ғұмыр кешіп жүреді. Алайда, оған дейін де 13 саны қауіпті болып табылады. Тарихқа көз жүгіртсек. Арыға бармай, XX ғасырдың бірінші 13 жылдығына, яғни бірінші мүшелінен бастап тізбектеп көрейік. Сол бір бір 1913 жылы қазақ халқы үшін де аса ауыр кезеңнің басталған шағы болды. Осы жылдары Ресейдің құрамындағы халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлықтар шығарылды. Ақ патшаның бұндай арам пиғылына көнгісі келмегендіктен, қазақ елінің әр түкпірінде бас көтерулер, қақтығыс-ұрыстар бой көрсете бастады...

 Суреттер fisnyak.ru сайтынан алынған

36314 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 07 сәуір 2012, 10:10
Пікірлер
+0
07 сәуір 2012, 10:47

мен мүшел жасқа сенбеймін...

+0
07 сәуір 2012, 11:49

"25 жас – жігіттік шақтың нақ өзі" осы күнге дейін қыз болғам, енді "нағыз жігіт" боладым)))))))

+0
09 сәуір 2012, 09:38

Сіз әлі қызсыз ба? :o :o :o Әлде оны : жоғалтып алдыңыз ба? :shock: :shock: :shock:

+0
09 сәуір 2012, 09:42

хе-хе-хе))))))))

+0
07 сәуір 2012, 14:25

Он үш жасқа толғанда жақсы көретін киімімді (мысықтың суреті бар шалбар мен жейде ғой :) ) өзіммен жасты көршінің қыздарына әжемнің таратып бергені есімде. Көзім бақырайып, жақсы киімдерімді қимадым-ау сол кезде :o :)

+0
10 сәуір 2012, 12:18

жігіттік шақтың нақ өзі-нде екенмін))

+0
19 сәуір 2012, 01:07

мен киім немесе бір қимас затынды беру керек дегенді естіп журмін..........

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...