Саясаттағы "сатқындық"

Саясаттағы "сатқындық"

Бұл адамдар қоғамдағы саясаткерлер турасындағы кереғар ойларды жоққа шығарды...

Әр күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен саясаткерлер мен шенеуніктер туралы түрлі-түрлі ақпараттар келіп жатады. Қарап отырып, мемлекеттік жүйеге қызмет еткен жан баласы өздігінен ашкөз, тойымсыз, сатқын болып шығатындай әсер қалдырады. Мүмкін, осы бір қасиеттермен мансап жолдарының өсіп-өркендеуі айқындалатын шығар?

Дегенмен, тарихта (қазіргі уақытта) халыққа мүлтіксіз қызмет ету мен мемлекеттік қызметте ел-жұрт мүддесін алдыңғы орынға қойған жағдайлар кездесіп тұрады. Жемқорлық пен жекелеген проблемалар болған тұста аталған ел көсемдері жарқын үміт сыйлайтыны анық. Ендеше, назарларыңызға ең үздік саясаткерлерді ұсынамыз. 

* * *

Аристид (шамамен б.з.д. 530-467 жылдары өмір сүрген)

Афинаның мемлекет көсемі әрі қолбасшысы Аристидті замандастары үлкен адамгершілігі мен биік моральдық этикалық қағидалары үшін "Әділетті" деп атаған. Аристидтің адамдық тұрғысындағы қасиетіне сол заманда Геродоттың өзі де былай баға беріпті:

"Мен бұл Аристидтің мінезіне баға бере отырып, Афинадағы ең қайырымды әрі ең әділ адам деп санаймын".   

Аристид әрқашан өз қағидасымен жүріп отырған және өмірінің соңғы күнінде де Афина халқының сенімінен айырылмаған санаулы саясаткерлердің бірі болып қала берді.  Б.з. д. 467 жыл көз жұмып, мемлекеттік есептен жерленді.

Луций Квинкций Цинциннат (б.з.д. 519 - 439 жылдар)

Ежелгіримдік ақсүйек және саясаткер Луций Квинкций Цинциннат екі мәрте Рим империясының тізгінін ұстап, екі жолы да құлаудың сәл-ақ алдында тұрған империяны апаттан сақтап қала алды. Кез келген саясаткер оның орнында болғанда, Жер бетіндегі ең қуатты империяны түгелімен өз қол астына алуға тырысатын еді. Алайда, Луций апаттың беті қайтарылған бетте, орнынан түсіп қалды. Және осы бір қасиеті мен көрегенділігі үшін оны ел-жұрты жақсы көріп кетті. 

Цинциннат өте қарапайым өмір салтын жүргізіп, қарапайым үйде өмір сүрді. Бос уақытының көпшілігін жер өңдеуге арнайтын еді. Сондықтан болар, бүкіл дерлік картиналарда ол қарапайым шаруа адамының киімімен суретке түсіп отырған.

Джордж Вашингтон (1732 — 1799)

Азаттық үшін соғыста АҚШ әскері жеңіске жеткен соң, Джордж Вашингтон бұрынғы қарапайым қонысына барып, қарапайым тірлік құруға көшеді. Арада алты жыл өткенде АҚШ-тың бірінші президенті болып сайланады, екі мәрте сайланып болған соң, тағы да бұрынғы өміріне қайта оралады... 

Марк Аврелий (121 — 180)

Рим империясының өсіп-өркендеуіне атсалысқан көсемдердің қатарында Марк Аврелийдің есімі дара аталады. Рим империясының құлашын кеңге жайып, әлемге қанат жайған кезі де осы кез. 

Британдық патша III Георг оны тірісінде "дәуірдің ұлы кемеңгері" деп атаған. Өлімінен соң, тіпті, ол туралы нешебір аңыздар дүниеге келген екен.

Авраам Линкольн (1809 — 1865)

Президент Линкольн АҚШ тарихындағы ең бір ауыр кезеңдерде билікке келіп, ең бір ауыр қызметтерді атқарып кеткен жан. Америка Құрама Штаттарының 16-шы президенті елді Азаматтық соғыстан алып шықты (Солтүстік пен Оңтүстіктің соғысы), құлдықты алып тастады және американ өкіметіндегі алауыздықты тоқтатты. 

Уильям Гладстон (1809 — 1898)

Британдық саясаткер Уильям Гладстонның ғұмыры жарқын өтті десек болады: ол төрт мәрте Біріккен Корольдіктің премьер-министрі атанып және осы орында өзін жақсы жағынан көрсете алды. 

Атқарған істері: Ирландиядағы мемлекеттік шіркеуден бас тартуы, сауалнамада құпия дауыс беруді енгізуі, ирландық крестьяндардың мүддесін қорғаған екі бірдей заң актісі, т.б. Уильям Гладстон халықаралық саясатта кең таныла қоймады, өйткені, ол соғыс пен күш көрсетудің кез келген түріне қарсы болған адам.

Махатма Ганди (1869 — 1948)

Ақын Рабиндранат Тагор Мохандас Гандиді «Махатма» деген айтулы құрметке лайықтайды - аудармада "Ұлы жан" деген мағынаны береді. Бірақ, ел көсемі бұл атаққа өзін лайықты емес санаған. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Сурет: vk.com

Л. Лига