Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Сәуегейлік: тарихтағы ең бір ғажап болжамдар

Сәуегейлік: тарихтағы ең бір ғажап болжамдар

Сәуегейлік: тарихтағы ең бір ғажап болжамдар

Дертті қиялдың жемісіндей болған осы бір сәуегейліктер кісі баласының күлкісін келтірсе керек. Кісен үзген ғасырда мұны бәрі орын алды һәм орындалды: ғарышкерлер айға қонды; атом бомбасы тасталды; интернет дүниеге келді, дағдарыс орнады...

* * *

1863 жылдан: бар-жоғы 60 элемент қана белгілі тұста ресейлік химик периодты кесте құрып, онда өзіндік қасиеті мен салмағы бар тағы да 40 элементтің бар екендігін болжап кеткен. 

from-1863-when-only-60-elements-were-known-a-russian-chemist-designed-a-periodic-table-that-predicted-the-weights-and-properties-of-the-missing-40-perfectly

Дмитрий Менделеев өз уақытында беймәлім химиялық элементтердің ашылуын нақпа-нақ дәлдікпен болжаған. Ол өз зерттеулерін ғылымға 60 элементтің мән-жайы белгілі болып тұрған тұста, яғни 1863 жылы бастайды. Содан бері қырыққа жуық элеметтер қатар толықтырады. 

Кестеге химиялық элементтерді салмағы мен қасиетіне қарап топтастырған Менделеев, өз ойынша, толықтырылуы тиіс бос бағандарды (клетка) көрген. 

Мәселен, Менделеев германийдың ашылуын болжап, тіптін, сол уақытта оған  “экосиликон” деген атау де беріп қойған. Бұл элемент 1886 жылы ашылды. 

1865 жылдан: Жюль Верн адамның Айға қонарын білді ме?

from-1865-jules-verne-predicted-the-apollo-moon-landing

“Апполон 11″ кемесінің ұшуына 100 жыл ертеректе, 1865 жылы француз жазушысы Жюль Верн "Жерден Айға тіке жолмен 97 сағат, 20 минутта"  ғылыми-фантастикалық романын жазды. 

Кітапта ұшудың нақтылы сәттері туралы, бөлшектері жайлы ғаламат дәлдікпен сәуегейлік жасалған: Флоридадан ғарыштық кеменің ұшу сәті, оның атауы, кеме ішіндегі ғарышкерлердің сан мөлшері және олар төтеп берген салмақсыздық сезімі.

1865 жылы Верн ауырлық күшінің ғарыштық кеңістікте сезілетінін ешқалай білме алмаған.

1898 жылдан: Титаниктің апатын болжаған новелла

from-1898-a-short-story-predicted-the-sinking-of-the-titanic

1898 жылы өндіріп жазатын жазушы-новеллашы Морган Робертсон "Әурелік немесе Титанның апаты" атты қысқа оқиғаны жазды. Кітапта кеменің көлемі мен айсбергпен соғысу сәтіндегі апаты дәл-дәлме келіп қана қоймай, атауы да ұқсас болып шығады... 

Титаник Робертсонның осы бір кітабы жарыққа шыққан күннен 14 жыл өткенде барып желкен көтереді. 

1909 жылдан: Никола Тесла сымсыз дербестендірілген қондырғылардың өндіріске шығатынын болжады

from-1909-nikola-tesla-predicted-personal-wireless-devices

"Жуық арада хаттарды бүкіл әлемге сымсыз жолдаудың мүмкіндігі туады. Мұның оңай болатыны соншалықты, қарапайым адам дербес аппаратқа иелік етіп, басқара алады", - деді Никола Тесла 1909 жылы New York Times газетіне сұхбат беру сәтінде. 

1914 жылдан: Герберт Уэллс атам бомбасының шығатынын болжаған

from-1914-hg-wells-predicted-the-atomic-bomb

1914 жылы  Герберт Уэллс “Азат етілген Әлем" новелласын жазып шығады. Онда қаланың "атом бомбасымен" күл талқаны шыққаны баяндалды. Сол уақытта Уэллс радиоактивті элементтердің қауіптері туралы білуі мүмкін болды делінгенмен, шын мәніндегі атом бомбасының жарылыс қуатын біле алмақ емес еді.

1988 жылдан: Айзек Азимов  интерет арқылы онлайн-сабақ алу...

from-1988-isaac-asimov-predicted-we-would-use-the-internet-to-learn

1988 жылы өзі берген сұхбаттарының бірінде жазушы-фантаст Айзек Азимов интернеттің дүниеге келетінін іс жүзінде болжаған. Былайша айтқанда, ол баяндаған жүйеде студенттерге ақпараттардың әмбебап көзіне жол табылатыны айтылады.  

Азимов компьютер арқылы адам әлемнің кез келген кітапханасына кіре алатынын, және ол (компьютер) "адамзаттың жинақталған біліміне жол салатын ұстаз ретінде" танылатындығын баяндаған.

Азимов білім берудің өсіп-өркендеген жүйесіне абыржулы болды және сол уақыттағы оқу-ғылымдағы проблеманың шешілу жолын онлайн-білім алудан көрді.

"Адамдардың бүгінде оқу деп жүргендері - жай ғана тасып алу (натаскивание). Балалар сол бір нәрсені бір ғана жолмен, бір ғана сценаримен, бір ырғақпен және бір уақытта оқуға мәжбүр. Біреу ақпаратты тез қабылдап алады, екіншісі - баяу, үшінші біреуіне қосымша түсіндірулер керек болады..."

1993 жылдан: AT&T телекомпаниясының бағдарламасында бүгінде біз танып отырған планшеттердің дүниеге келуі туралы болжамдар жасалады 

from-1993-an-att-ad-campaign-predicted-tablets-that-look-just-like-todays

1993 жылы американдық AT&T телекомпаниясы “You Will” деген ортақ атаумен технологиялық қондырғылардың ойдағы сұлбасын жарнама роликтерінің топтамасы арқылы көрсетеді. Адам нанғысыз болатын. Солардың қатарында жағалауда жатып-ақ факс жіберуге болатын қондырғы да бар еді.

Суретте көріп тұрғандай, бұл қондырғы бүгіндегі планшеттің дәлме-дәл нұсқасындай. 20 жыл өткен соң. 

2006 жылдан:  Euro Pacific Capital компаниясының атқарушы директоры 2008 жылғы дағдарысты болжады

from-2006-the-president-of-euro-pacific-capital-predicted-the-housing-market-crash

2006 жылдың 16 мамырында Fox News каналындағы пікірталастардың бірінде (дебат) Euro Pacific Capital орталығының атқарушы директоры әрі стратегі Питер Шифф АҚШ-тың жылжымайтын мүлік нарқын әзер-әзер жарылғалы тұрған көпіршікке теңеп, нақпа-нақ дәлдікпен бағамдады. 

Сол уақытта көпшілік сапаршылар американ экономикасы керемет қалыпта және оған ешқандай қауіп жоқ деп санаған болатын.

* * *

Сәуегейлік демекші, болашаққа қандай болжам жасағыңыз келеді? Байқап көріңіз!

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

Сурет: paranormal-news.ru; etcetera.com.mx

12019 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 23 қыркүйек 2013, 09:05
Пікірлер
+0
23 қыркүйек 2013, 09:22

Ғалымдар алдын ала болжай алатын шығар, тек олар өз уақытының мүмкіндіктерімен шектелгендіктен, оған қалай қол жеткізу керектігін әлі білмеген болар (технология жаңалықтары туралы)

+0
23 қыркүйек 2013, 17:54

болашақты болжаудын қажеті жоқ, барлығы өз орнымен ;)

+0
23 қыркүйек 2013, 19:11

«Планетааралық көлiктер пайда болатын шығар» ). Ал, жаздым ал, пәлен жылдан кейiн осындай мақалада кездесiп қалар есiмiм...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...