Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ең ұзақ соғыстар

Ең ұзақ соғыстар

Соғыс – қашанда анасын баласынан, баласын әкесінен, жарын сүйгенінен айырып келген қанды қырғын. Бүгін, 2 қыркүйек күні, сондай қанды қырғындардың бірі -  Екінші дүниежүзілік соғыс біткен кезі.

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың аяқталуына байланысты жер бетінде болған ең ұзақ соғыстар жайлы сөз қозғамақпыз.

10. Вьетнам соғысы

Ол 14 жылға созылды (1961-1975 жылдары). Соғыс АҚШ пен Вьетнам арасында болды. Құрама штаттары үшін бұл соғыс тарихтағы қара дақ болса, ал Вьетнамда трагедиялық оқиға мен ерлік болып саналады. Бір жақ Вьетнамның тәуелсіздігі үшін күрессе, екінші жақ оның бірігуі үшін соғысты. Ақыры соғыс екі ел арасында болған өзара тиімді келісіммен аяқталды.

9. Ұлы солтүстік соғыс

Бұл соғыс 21 жыл бойы (1700-1721) солтүстік елдер мен Швеция арасында болған. Соғыс себебі – Балтық теңізі маңындағы жерлерге талас. Нәтижсінде Швеция жеңіліс тапқан болатын.

8. Отыз жылдық соғыс

Еуропа елдерінің діни қақтығыстары. Соғыс Германия католиктері мен протестанттары арасында басталды. Бірақ кейінірек ол Еуропа елдерінің ірі күресіне айналып кеткен. Ақырында халықаралық қатынаста вестваль бейбітшілігі орнатылды.

7. Индонезия соғысы

Голландия мен Индонезия арасындағы күрес Индонезия елінің тәуелсіздігі үшін болды. Бұл соғыс 31 жылға жалғасқан және екі жаққа да орасан зор адам шығыны мен түрлі күйзелістер әкелді. Соғыс нәтижесі Индонезияның тәуелсіздігімен аяқталды.

6. Алқызыл және ақ раушан соғыстары

Бұл соғыс 1455 жылдан 1487 жылға дейін жалғасқан азамат соғыстарынан тұрды. Аталған 33 жылдық күрес топтасқан Англия ақсүйектері арасында болды. Олар: Ланкастер-Плантагенттер мен Йорктер. Бұл топтар Англиядағы билікті түбегейлі басқаруға таласты. Соңында Ланкастер-Плантагенттер жеңіске жетті. Соғыс салдарынан көптеген адам соның ішінде ақсүйектер тобының өкілдері қаза тапты.

5. Гватемала соғысы

Гватемала мен Гондурас арасындағы 36 жылдық соғыс. Шиеленісте Мая тайпасы мен испан зерттеушілерінің арасында бұрыннан келе жатқан адам мен жерге қатысты мәселелер қозғалды. Кейінірек Гватемаланың бейбітшілік келісіміне қол қойғаннан соң соғыс біткен болатын. Бұл келісім елдегі 23 үндіс тобының құқығын қорғауға байланысты.

4. Пуникалық соғыс

Күрес 43 жыл бойына жалғасқан. Ол Рим мен Карфаген арасындағы үш кезеңді соғысқа бөлінеді. Соғыстың басты мақсаты Жерорта теңізінде өз билігін жүргізу болған. Шайқаста римдіктер жеңіске жеткен.  

3. Грек-парсы соғысы

Бұл Парсы мен Грек арасындағы елу жылдық соғыс. Ол біздің заманызға дейін яғни 499-449 жылдар аралығы болған. Грек мемлекеті өзінің тәуелсіздігін қорғаумен болған және ақырында жеңіске жетті.

2. Пелопоннес соғысы

Бұл соғыс 73 жылға созылды. Бұл Афина мен Спарта арасындағы қайшылықтарға байланысты әскери күрес болған еді. Спартада олигархия болса, Афинада демократия режимі болды. Сонымен қатар, барлығы мемлекеттің көпұлттылығына тірелсе керек. Соғыс барысында бейбітшілік жайлы келісім орнатылды, бірақ көп ұзамай спартандықтар оны бұзып, жеңіске жеткен болатын.

1. Жүз жылдық соғыс

Франция мен Англия елдері арасындағы шиеленіс 116 жылға жалғасқан яғни 1337-1453 жылдар аралығында. Мен, Нормандия және Анжуды өзіне қайтару мақсатында Англия соғысты бірінші болып бастайды. Сонымен қатар, ағылшын корольдері француз тағына өз биліктерін жүргізгісі келген. Нәтижесінде Англия соғыстан жеңіліп қана қоймай, сонымен қатар өз иеліктерін де жоғалтып алды. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ru.elderscrolls.wikia.com

8177 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 02 қыркүйек 2013, 16:07
Пікірлер
+0
02 қыркүйек 2013, 17:21

бұл тізімге қазақтар мен жонғарлардын соғысын қосуға болады. :evil:

+0
02 қыркүйек 2013, 22:55

Бәрі де мағынасыз соғыс ((

+0
03 қыркүйек 2013, 17:40

Маңынасы бар соғыс бола ма не!

+0
16 қыркүйек 2013, 00:05

:cry:

+0
27 қыркүйек 2013, 04:27

ма саган :o :o :o :shock: :shock: :shock: :o :o :o

+0
27 қыркүйек 2013, 04:27

ма саган :o :o :o :shock: :shock: :shock: :? :? :? недеген? узак

+0
09 қазан 2013, 00:04

Сонда Қазақтардың Жоңғарлармен 300 жыл жан аямай соғысқаны қайда қалмақ?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев