Бүгін қазақстандықтар метеорит жаңбырын тамашалай алады

Бүгін қазақстандықтар метеорит жаңбырын тамашалай алады

Бүгін қазақстандықтар Персей жұлдыздар шоғырынан метеорлы ағынды тамашалай алады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ай және ғаламшарлар астрофизикалық институты зертханасының басшысы Виктор Тейфель айтып берді. 

Ғалымның сөзінше, бұл ерекше құбылысты ешқандай құралсыз-ақ тамашалап, тіпті оны суретке де түсіріп алуға болады екен. "Ол Қазақстанның барлық аймақтарынан бірдей көрінеді. Алайда метеорлар ағынын үлкен ғимараттары жоқ қаладан тыс жерде көру әлдеқайда әсерлі болады",-дейді ғалым. Оны тамашалауға жасанды кедергілердің бөлек қолайсыз ауа-райы да кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан бұл керемет көріністі тек бұлтсыз, ашық аспан аясында ғана көруге болады.  

Ең жарық метеориттер түңгі сағат 00.00-ден кейін байқалады екен. Алайда олардың жиілігі сағатына 10 метеорит қана болмақ. Ал олардың көпшілігі шығыс жақтан байқалатын болады.  



 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vsenovoe.info

Б. Қосмағамбет