Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / «Намысың болса – жарнамаңды түзе!»

«Намысың болса – жарнамаңды түзе!»

«Намысың болса – жарнамаңды түзе!»

Қала көшелерінде ілінген жарнамалардың қатесін көрген ел жанашырлары шағымданып, бұл бассыздықтың ауыздықталуы үшін нақтылы заңның қабылдануын талап етті.

Елімізде 2013 жылдың 25 сәуір күнінен өз күшіне енген «Қазақстан Республикасының ономастика мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» сауатсыз кәсіпкерлерге жарнама мазмұнындағы қателіктері үшін айыппұл салатын Заңның қабылдануына қарамастан, күніне 10-20-ға жуық заң бұзушылық анықталады екен. Қателіктер орталық арналарда көрсетіліп жататын роликтерде, қала көшелерінде ілінген билбордтарда, плакаттарда, дүкен сөрелеріндегі баға көрсеткіштерінде кездеседі. Көзге ерсі көрініп, әуескер тұтынушының назарын өзіне аударатын қате басылымдар саны уақыт өткен сайын артып келеді. 

Дос Көшім, саясаткер:

- Филология факультеттерінің студенттерімен келісе отырып, бүкіл қаланы көше-көшеге бөліп, 5-10 күндей уақыт бойы қателерді тексеруге шығу керек. Бұл біздің қолымыздан келеді. Ең үлкен қателігіміз – біз аударамыз. Орыс тілін біз еш уақытта аудармауымыз керек. Мәселен, мен Айнабұлақта тұрамын. Сонда барлық көшелерде «Айнабұлақ – 4 ы/а» деп жазып қойған. Қазақ тілінің заңдылығы бойынша, сан есім мен зат есім алдында тұрады. Дұрысы «4 – Айнабұлақ ы/а». Қазақтың грамматикасы сақталмай отыр. Тіпті егер орысша «Ремонт часов» десе, «Сағаттарды жөндеу» деп аударамыз. Бұл ақымақтық. Қысқасы аударамын деу қате. Тек соның қазақша мағынасын берсек жеткілікті.

Асылы Осман, Қоғам қайраткері:

- Тіпті көше атауларын қараңыздаршы, автобус кондукторларының "Сейфуллина" немесе "Абая" деген сөздері үшін күнде айтысып жүремін. Не үшін олай айтатындарын түсінбей-ақ қойдым.

Дархан Бейсенбекұлы, «Алаш айнасы» газеті бас редакторының орынбасары:

- Бойында қаны бар, санасы ояу кез келген адам өз анасын ешуақытта да қорлауға жол бермейді. Біз де сол мақсатта ана тіліміздегі жарымжан жарнама мен мүгедек маңдайшалардың қатесін түзеу ісін қолға алған болатынбыз. Ономастика туралы заңда 17 мың және 86 мың теңге аралығында айыппұл салу туралы айтылған, сол заңды нақты жүзеге асырсақ деген ойымыз бар. Бірақ көбінде шағым түсірілген кезде прокуратурадан жауап болмайды. Сол себепті де бұл заңды атқару құқығын Тіл басқармасына беру дұрыс деп ойлаймын.

Осындай көшпелі көрме дәстүрлі түрде өтіп тұратын болды

Естеріңізге сала кетсек, «Намысың болса – жарнамаңды түзе!» атты акцияны «Бауыржан» Қайырымдылық қоры мен «Алаш айнасы» Республикалық газеті ұйымдастырды. Мемлекеттік тілдегі қате және сауатсыз орындалған қазақстандық көрнекі ақпараттар көрмесі кеше, 5 маусым күні Алматы қаласындағы Орталық Көрме Залында өткен еді. Көрмеге қазақ тілінің қор болуына жаны ашып әншілер Жұбаныш Жексенұлы, Әли Оқапов, Ерлан Әлімов, тележүргізуші Игорь Сахар және тағы да басқа өнер жұлдыздары келді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: Нұрғиса Елеубеков

1783 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 15:17
Пікірлер
+0
06 маусым 2013, 19:05

Жақсы бастама екен әйтпесе масқара көп қой бұл жайлы

+0
10 маусым 2013, 01:08

яяя

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...