Тәуелсіздік дәуірі

Тәуелсіздік дәуірі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология және әлем тілдері факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Тәуелсіздік дәуірі» атты поэзиялық кеш өтті.

Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, студенттердің бойына Отанына, еліне  деген сүйіспеншілік пен бірлік, татулық ұғымдарын терең сіңіру мақсатында ұйымдастырылған кеште студенттер тәуелсіздікке арналған жырларын оқыды.

Жүрекжарды жыр астарынан студенттердің патриоттық сезімін, отансүйгіштік қасиетін аңғаруға болады. Ынтымағы, бірлігі жараса шалқыған елдің, көптеген ұлт пен ұлыстарға алтын бесік болған мемлекеттің ұланы екендіктерін мақтаныш сезімдерімен жеткізді.

Мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыруға бағытталған мерекені қазақ тіл білімінің оқытушылары проф. А.Тымболова, доценттер Ж.Саткенова, Л.Әлімтаева, Б.Құлжанова, Ә.Әміров ұйымдастырды.

Қазақ тіл білімі кафедрасының
оқытушылары проф. А.Тымболова,
доц. Ж.Саткенова


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар