Калифорния университеті

Калифорния университеті

University of California (U.C.) (1868): www.UniversityofCalifornia.edu

Орналасқан жері: Калифорния штатында

Сипаттама: Калифорния университеті жыл сайынғы рейтинг бойынша АҚШ-тың көшбасшы ЖОО-лар қатарында болады. Штаттың әртүрлі қалаларында орналасқан 10 кампустың әрқайсысы рейтингтерде жеке университет ретінде қарастырылады. Атап айтқанда, Сан-Диего кампусының алғашқы кірпіші 40 жыл бұрын қаланғанына қарамастан, 14 Нобель сыйлығы лауреаты және бір астронавт шыққанымен танымал. Өткен жылы US News & World Report журналы өзінің ұлттық рейтингісінде Риверсайд қаласындағы университет кампусына 10 орынды берсе, Санта-Крус кампусын АҚШ-тағы "ең жасыл кампус" ондығына енгізді. Дегенмен кампустардың көпшілігі жеке университет дәрежесінде болса да, барлық кампустар  University of California-мен байланысын "UC" аббревиатурасы арқылы білдіріп отырады. 
Қазақстандық жастарға танымал университет ретінде Сан-Францискодан 4 сағаттық қашықтықта орналасқан Беркли университетін алуға болады. Беркли университеті 1868 жылы құрылған және Калифорния университетінің басты әрі ең ескі кампусы болып саналады. Университет көпшілікке арналғандықтан, ол Калифорния шататы бюджетінен қаржыландырылады және штат губернаторы тағайындайтын Кеңеспен басқарылады. 
Студенттер саны: 35 мың.
Білім: Беркли физиктері Екінші Ұлы отан соғысы кезінде атом бомбасын және соғыстан кейін сутегі бомбасын жасауда басты рөлді ойнады. Беркли ғалымдары циклотронды ойлап тапты, антипротонды зерттеді, лазер жасауда басты рөлді ойнады және плутоний, берклий, лоуренсий и калифорний секілді көптеген химиялық элементтерді ашты. Беркли университеті қабырғасынан 24 Нобель сыйлығы лауреаты шыққан және олардың көбі химия, физика, экономика салаларында атқарған еңбектері үшін мадақталған.
2007 жылы Калифорния университетінің Берклидегі өкілдері университет қабырғасында әртүрлі уақытта өткен түрлі лекция, іс-шара видеобасылымдарын YouTube интернет-порталында жариялайтындарын хабарлады. Беркли мұндай қадамға барған бірінші оқу орны. Енді http://www.youtube.com/ucberkeley адресінен биотехнология, саясаттану, химия пәндерінен сабақтарды және де "Болашақ президенттерге арналған физика" немесе "Іздеу, Google мен өмір" атты лекцияларды көруге болады. 
Программалар мен мамандықтар тізімі: биология, экология, бизнес, экономика, өнер, тіл білімі, инжинерия, архитектура, дизайн, медицина, антропология, әлеуметтану, саясаттану, этнос, география, тарих, информатика, ролитология, дін, этика, менеджмент, экономика, ауыл шаруашылығы, метеорология, геология, гидрология, физика, химия, статистика, педагогика, палеонтология, криминалистика, финанс, философия.
Оқу мерзімі: қыркүйек-қазан айлары басталып, наурыз-сәуір айлары аяқталады. 
Программа ұзақтығы: бакалавриат 4 жыл;  магистратура 1-1,5 жылға созылады.
2012-2013 академиялық жылдың оқу құны: $18'000 - 40'000 аралығы
Жатын орын мен тамағы: $9'500 - 13'200 / жылына
Оқуға түсу талабы: жас мөлшері 17+; қабылдану үшін тапсырылатын емтихандар тізімі: SAT I немесе ACT; SAT II; TOEFL ibt баллы 83-тен кем болмауы тиіс; Мектеп бітіргені жөнінде куәлік.

Форумда талқылау

Суреттер maps.google.com сайтынан алынған
Ж. FM