Тіл - тәуелсіздіктің айғағы

Тіл - тәуелсіздіктің айғағы
Фото: Аушенова А.С.

Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.

Тіл - халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Тіл-тәуелсіздіктің айғағы. "Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады" деп Ғ. Мүсірепов айтқандай елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті.

Қазіргі жаһандану кезеңінде еліміздің ақпараттық кеңістігін әлемдік стандарттарға сай кеңейте отырып, мемлекеттік тілді ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бір нысаны ретінде жетілдіруді және қорғауды қамтамасыз еткеніміз абзал.

Қазақстандағы тіл саясатының көпұлтты мемлекетіміздің тұрақты дамуына ізгілікті қызмет етіп отырғандығы қуантады. Сонымен бірге әр ұлт өкілдерінің қазақ тілін білуге талпынуы қуантатын жағдай. Осыған орай 21 қыркүйек күні Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "Филология және әлем тілдері" факультеті, "Шетел филологиясы" мамандығының 202 топ студенттері "Language is the most poweful tool" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Қазіргі таңда "Келешекке кемел біліммен" деп тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей үш тілд ібілу - бұл заман талабы. 

Шараның барысында үш тілді қамтып, студенттермен қызықты зияткерлік ойындар өткізіліп, студенттер белсене атсалысты. Зияткерлік ойындар барысында студенттер өз білімдерін арттырды.

Шараның негізгі мақсаты - студенттердің ана тіліне деген құрметін арттыру көзделді. Ана тілінің құндылықтарын дәріптеу. Сол мақсат орындалды деген сенімдеміз!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетел филологиясы және аударма ісі
кафедрасының оқытушылары
Габдкаримова Г.С. , Аушенова А.С.

Н. Үсенова