Бүгін қара шаңырақ ҚазҰУ-дың туған күні

Бүгін қара шаңырақ ҚазҰУ-дың туған күні
Фото: kaznu.kz

Бүгін еліміздің жетекші университеті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрыл­ғанына 85 жыл толып отыр. 1934 жылдың 15 қаң­тары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы универ­ситеттің ресми ашылу күні болып саналады.

Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы уни­верситеттің біріне айналды.

Мерейтойлық жыл ҚазҰУ үшін ха­лық­аралық ауқымдағы маңызды оқиға­ларға толы болмақ. 2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары деңгейдегі әлемдік үш маңызды ірі іс-шараны өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтар болсақ, «Адами мұра және жоғары технологиялар үйлесімі негізін­де жетілу» атты QS World Wide-2019 дүниежүзілік көрме-конференциясы, Жібек жолы уни­верситеттері желісінің Бас Ассамб­леясы және Әлеуметтік жауап­кершілік университеттері әлем­дік желісі үшін халықаралық Workshop.

Мерекелік жылда ҚазҰУ-да білім мен ғылымның бар­лық саласы бойын­ша мыңға жуық акаде­миялық топ­тар­дың көшбасшылары, алдыңғы қатар­лы жоғары оқу орындары­ның бас­ш­ы­лары мен әлемнің ең танымал ғалым­дары бас қосады. Бұл ҚазҰУ-дың ғана емес, сонымен қатар Қазақстан жоға­ры білім беру жүйесінің әлемдік биік көр­сеткіші деп білеміз. Еліміздің жетек­ші университетінде аталмыш іс-шара­лар­ды өткізу – мемле­кет­тің жоғары білім берудегі халықаралық беделін, экспорттық потенциалын арттыра түсетіні сөзсіз. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорларын, студенттері мен барша түлектерін Қазақстанның бірін­ші университетінің бүгінгі 85 жыл­дық мерейтойымен құттықтаймын! 

Дүниежүзі тарихы,
тарихнама жане деректану кафедрасы
PhD., ага окытушы Нұскабай П.Н.

Н. Үсенова