Елорда түлегі әлемнің беделді 5 университетіне шақырту алды

Елорда түлегі әлемнің беделді 5 университетіне  шақырту алды

18 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Данат Дүйсенбеков әлемнің беделді 5 университетінен шақырту алған.

Данат Дүйсенбековке Кембридж университеті (Ұлыбритания), Мичиган университеті (АҚШ), Джорджия технологиялық институты (АҚШ), Санта -Барбарадағы Калифорния университеті (АҚШ) және Сан-Диегодағы (АҚШ) Калифорния университеті шақырту жіберген.

Жігіт Ақтөбеде туып өскен. 12 жасында оның отбасы Нұр-Сұлтанға көшіп келген. Елордада Данат "Bilim-Innovation" мектеп-интернатынада тәлім алған. Өткен оқу жылында ол халықаралық Spectrum мектебінде оқыды.

"Мен мектепте математиканы ұнататынмын. Орта мектепте математикаға байыпты түрде қарай бастадым. Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін олимпиадаларға қатыстым. Республикалық олимпиадаға төрт жыл қатысып, 3 рет алтын, бір рет күміс медаль алдым. Кейіннен халықаралық олимпиадаларға да бардым. Ең беделдісі – халықаралық математикалық олимпиада, ол 60 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Оған жүзден астам ел қатысады. Мен 2019, 2020 және 2021 жылдары Ұлттық құрама сапында қатыстым.  2019 жылы күміс, 2020 жылы қола, 2021 жылы ол тағы күміс алдым", - дейді астана түлегі.

Данат Англиядағы Кембридж университетін таңдауға шешім қабылдадаған.

"Мен математиканы оқимын деп шештім. Бұл тұрғыдан Кембридж университеті таптырмайтын білім ордасы. Ол академиялық жағынын әйгілі. Математиканы бітіргеннен кейін ғылыммен айналысқым келеді. Кәсіби түрде айналысып, ғылымға үлес қоссам деймін.  Мен әлі мансап жолына сенімді емеспін, бірақ математика көптеген мүмкіндіктерді ашады. Сіз IT саласына, қаржыға кіре аласыз. Әзірше маған математика ұнайды", - деді ол.

Қазақстандық Кембриджге құжаттарды тапсыру UCAS (Университет пен Колледжге Қабылдау қызметі) порталынан басталатынын, ол арқылы бакалавриатта оқуға Ұлыбританияның барлық университеттеріне өтініштер толтырылатынын айтты.

"Сізде жақсы академиялық жазбалар болуы керек, оның ішінде ағылшын тілін білу бойынша емтихандардың нәтижелері (IELTS, TOEFL). Мотивациялық хат жазуыңыз керек. Осыдан кейін Кембридж алдын ала іріктелген үміткерлер үшін емтихан нәтижелері бойынша сұхбат жүргізеді. Олар кімге оқу орнын ұсынуды шешеді", - деді ол.

Данат Дүйсенбеков отбасындағы үлкен бала, оның екі інісі бар.

"Ата-анам мені әрқашан қолдайды және мен оларды мақтан тұтамын. Мен Қазақстанда өмір сүргім келеді. Тәжірибе жинап, білім алып, өз Отанымның игілігі үшін қолданамын. Бос уақытымда шахмат ойнау ұнайды", - дейді Данат.

Болашақ студент оқушыларға өздеріне ұнайтын нәрсені табуға және оны тек мектептің ішіннен ғана іздемеуге  кеңес береді.

Айта кетейік, осыған дейін әлемнің 20 университетінен шақырту алған қазақстандық қыз Литваны таңдағанын хабарлаған болатынбыз.

Т. Раушанұлы