Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Фото: google.kz

1 қыркүйек – Білім күні! 370 мыңнан астам қазақстандық бірінші сынып оқушылары үшін бүгін алғашқы қоңырау соғылды.

Қазақстанның барлық орта білім беру мекемелерінде Білім күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күніне орай салтанатты түрде аталып өтті. Бірыңғай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында сабақ ұйымдастырылуда.

Елімізде биыл 2,8 миллион оқушы мектепке барады. Олардың ішінде 370 мыңы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында есігін ашқалы отырған мектептер саны – 7126, ал республика бойынша 60 жаңа мектеп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 32 жаңа мектеп ашу жоспарда тұр екен.

Барлық оқушылар үшін 1 қыркүйек - бұл мереке. Мектептерде арнайы тақырыптағы сабақтар өтсе, Жоғары оқу орындарында әдетте бірден сабақ басталады. Бірінші курсқа түскен студенттер жаңа мұғалімдерімен, курстастарымен танысады.

Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті болсын!

О. Сансызбай