Бiлiм басқармасы Whatsapp пен Facebook арқылы байланысқа шығады

Бiлiм басқармасы Whatsapp пен Facebook арқылы байланысқа шығады
Фото: i.ytimg.com

Астана қаласының Бiлiм басқармасы Whatsapp-пен жиналыс өткiзiп, Facebook арқылы кез-келген сұраққа жедел жауап бередi. Бұл туралы басқарма басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлiмдедi.

«Өткен аптада мен Facebook желiсiндегi жеке парақшамда Online-блогты iске қостым. Қазiргi уақытқа дейiн оған бiлiм саласындағы түрлi проблемасын айтып 30 жуық ата-ана хабарласты. Олар көбiнесе балабақша, мектеп, колледж, қосымша бiлiм беру ұйымдарына қатысты сұрақтарын жолдады. Мен оларға өзiм жауап беруге тырысамын. Бұл қағазбастылықты азайтады. Жауап 15 минуттан бастап 1 сағатқа дейiн, ұзақ дегенде 2 күнде берiледi. Сондай-ақ, «Столичное образование #bilimastana» тобында бөлiм басшылары, балабақша меңгерушiлерi, мектеп директорлары мен оқу iсiнiң меңгерушiлер бар. Кейде олар өз жұмыстарына қатысты сұрақтарға өздерi жауап бередi», - дедi басқарма басшысы.

Оның айтуынша, бiлiм басқармасы қазiргi заманғы жаңашылдықтарды толығымен пайдалануға тырысады. Мәселен, қазiргi таңда елордалық мектеп директорларының жиналысы WhatsApp арқылы Online өтедi. Заманауи әдiс басшыларға ескертулер мен тапсырмаларды жылдам жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Дегенмен, директорлар өзектi мәселелердi айына бiрнеше рет жиналып талқылайды.

Дереккөз: bnews.kz

Е. Жұмабайұлы